Авторлық бағдарлама “Қазақ тілін оқытудағы эссе жазудың маңыздылығы”


Юнусова Г. И.   – Алматы қаласы, Жетісу ауданы №129 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны жүйесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Себебі, білім алушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру – бүгінгі күннің талабы. Біздер, ұстаздар, алдымыздағы оқушыларды шығармашылық жұмыстарға, эссе жазуға баули отырып, өзіндік пікір мен өзіндік позициясы қалыптасқан ұрпақ оқытуға қол жеткіземіз.                                                        Эссе дегеніміз не? Эссе жанры өте ерте қалыптасқанымен бізге кеш жетіп отыр. Эссе деген – адамның жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін, шығармашылық жұмыс. Оның бірнеше түрлері бар. Эссе жазу арқылы оқушылар әдеби шығарманы талдап қана қоймай, ондағы басты құндылықтарды қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарасымен ашады, дәлелдейді, тезис арқылы пайымдайды. Эссе жазуға дағдыланған оқушы өмірде дұрыс коммуникативтік байланысқа түсе алады және сыни пікір қалыптастырады.

Аталған бағдарламада оқушылардың осы дағдыларын дамыту күтілетін нәтиженің ең бастысы деуге болады. Бағдарламаның жаңашылдық сипаты теориялық білім мен практикалыққ білімді ұштастыра отырып, эссенің барлық түрлерін еркін жаза алуға бағытталған тиімді жолдарын ұсынған мазмұндық сипатында деп білеміз. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері осы нәтижеге бағытталған. Бағдарлама мектеп мұғалімдерінің қажеттілігіне сай жасалынған.

Бағдарламаның мақсаты: эссе жазуға дағдылану арқылы білім алушылар жазу сауаттылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік көзқарасын, сыни ойлауын қалыптастырады.

Міндеттері:

-жазу сауаттылықтарын қалыптастыру

-шығармашылық әлеуетін арттыру

-өзіндік сыни көзқарасын қалыптастыру

-жеке позициясын, сыни ойлауы қалыптастыру

-салыстыра сипаттай алу танымын арттыру

-сөздік қорын, сөйлеу тілін көркемдік  деңгейге жеткізу

Күтілетін нәтиже:

-шығарма идеясын, тақырыбын өзіндік көзқараспен талдай алады;

-логикалық жүйелі жазу арқылы өз логикасының жүйелілігін арттырады;

-өз ойын, поэзиясын еркін айтуға, жазуға дағдыланады;

-өмірлік жағдаяттарға сыни көзқараспен қарап, ақ пен қараны ажырата алуға үйренеді;

-оқу және жазу сауаттылығы артады.

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Қазақ тілін оқытудағы эссе жазудың маңыздылығы» атты арнайы курс бағдарламасы оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына  (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде ) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.

Нормативті бөлім

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31  қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты;
  • Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8  қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген  Негізгі орта және жалпы орта білім  берудің үлгілік оқу жоспарлары  (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2017  жылғы  25  қазандағы № 545 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары  (2017 жылғы 3 сәуірдегі  № 352 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  • Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары   (2019  жылғы  7  наурыздағы № 105 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
  •  «Оқулықтардың,  оқу-әдістемелік  кешендердің,  құралдардың  және  басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштегілерінің  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы  17  мамырдағы  №  217  бұйрығымен  бекітілген оқу басылымдары;
[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Юнусова-авт-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]