РЕЦЕНЗИЯ №99 – 30.09.2022 ж.


Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №129 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.И. Юнусованың «Қазақ тілін оқытудағы эссе жазудың маңыздылығы» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Авторлық бағдарлама жаңартылған білім мазмұны негізінде оқушыларды эссе жазуға дағдыландыру арқылы жазу сауаттылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік көзқарасын, сыни ойлауын қалыптастыруға бағытталған.

          Эссе жазудың терминдері, құрылымы, стратегиясы, түрлері, жанры және эссе жазудың ерекшелігі мен эссеге тақырып таңдау жолдары жан-жақты жүйеленіп талданған. Мәселен жетінші сабақта эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: жеке көзқарастың көрінісі, фактілі дәлелдер (аргументтер), теоретикалық негіздеме, терминдерді қолдану, дәйексөздерді келтіру, әртүрлі көзқарастарды мысалға алу, логикалық заңдылықтың сақталынуы, салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану, сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық), юмор, сарказм бойынша мәліметтер берілген. Оқушылар эссе жазу барысындағы талаптармен танысып болғаннан кейін тірек сөздер арқылы топпен әңгіме құрастырады, өздері жазған жұмысты топтың алдында қорғайды. Содан кейін оқушыларға еліміздегі қорықтар туралы әр түрлі жанрда жазылған мәтіндер ұсынылады. Оқушылар мәтіндерді оқып, негізгі ойын табады. Қажетті ақпараттарды белгілеп алады немесе дәптерлеріне түртіп алады. Кейін оқушылар ұсынылған мәтіндердің негізгі ойын сақтай отыра тезис жазады. Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады. Аталған тапсырмалардың мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізері анық.

          Бағдарлама мектеп мұғалімдерінің қажеттілігіне сай жасалған деп санаймын.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы