Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №31 Сарыбұлақ орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Н.О. Карибаеваның «Логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру әдістемесі» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Автор Н.О. Карибаеваның «Логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік құралы талапқа сай рәсімделген.

          Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде математикадан сабақтан тыс жұмыстар турасында айтылады. Аталған бөлімде математиканы оқытудағы есептің рөлі, математикадан факультативтік сабақтар, 5-8 сыныптардағы факультативтік сабақтарда логикалық есептерді шешудің әдістемесі туралы айтылған. Екінші бөлімде логикалық есептердің түрлері: «дұрыс пайымдаулар» әдісімен шешілетін есептер, кестелердің көмегімен шешілетін есептер, графтарды тұрғызып шешілетін есептер қарастырылған. Ал, үшінші бөлім сандарды сәйкестендіру арқылы шығарылатын  есептерді, сандық ойындарды, салыстырмалылыққа берілген есептерді, ойды жаттықтыруға арналған есептерді, сандарды цифрлар арқылы өрнектеуге берілген есептерді, амал таңбаларын анықтауға берілген есептерді шешудің жолдарын көрсетуге арналған. Логикалық  есептерді шығарудың  басты  мақсаттарының  бірі – оқушының  тереңнен  ойлауын, жан-жақты  ізденуін  дамыту және  қазіргі халықаралық талаптар  деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға  бастауыш  сыныптан бастап  үйрету болса, аталған әдістемелік құралдың  өзектілігі айқын.

          Әдістемелік құрал бойынша мынадай ұсыныстарымды айтқым келеді: 1) жұмыстың мазмұны басында берілсе; 2) бөлім жаңа беттен басталса; 3) бөлімдердің атауы ерекше сызбамен белгіленсе деген ұсыныстарым бар.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева