“Тәуелсіздік – тұғырым”

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим селосы

№2 Новоишим орта мектебінің

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Еслям Жандос Ерланұлы

    Ғасырлар жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке еліміздің қол жеткізгеніне биыл

24 жыл болады.

    Жиырма төрт жыл: Халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғанымызды тауып, өткенімізді жандандырып, елімізде талай қиындықтар  мен қуаныштар болғаны  белгілі.

Тәуелсіздік-біздің ең басты  бақытымыз. Сондықтан да, оның 24 жылдық мерейлі тойын  мазмұнды  да мәнді етіп өткізу бүгінге үлкен-кішінің басты мұраттарының бірі. Бұл мәселеге Елбасымыз бен Үкіметіміз де үлкен мән беріп отыр.

№2 Новоишим орта мектебінде тәуелсіздіміздің 24 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар дайындап жатыр.

Олар: «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат», «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасыр-да», «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары», «Тәуелсіз елдің баласы», «Тәуелсіз-дік – ел тірегі», «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы»,«Егемен елдің басшысы», «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!», «Көк байрағым жел-біресін!», «Менің елім – Қазақстан», « Тәуелсіз Қазақстан:бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 24 жылы» т.б. Оған 1-11 сынып оқушылары, мұға-лімдер, ата – аналар, қонақтар  қатысады.

Мектепішілік  тәрбие сағаттары мен ашық сабақтары өз мәнінде биік денгейде өткізіледі.

№2 Новоишим орта мектебінің мұғалімдері өздерінің білімі мен мәдени деңгейлерін  ізденіс  пен дайындықтарының арқасында үздіксіз арттырып отырады. Оқушыларға  барлық пәндерді терең игертіп, сабақты алуан – түрлі  әдістермен қызықтыра, мазмұнды  түрде жүргізуде бар күш–жігерлерін   аямай жұмсап келеді. Атап өтсек: Елжасова Балдырған Арғынқызы, Горохводацкая Анна Васильевна, Бекіш Ғалия Орынбайқызы, Есмағанбетов Арман Рушанұлы, Қалиева Жанар Кенжебайқызы, Әлжанова Жанна Әскерқызы, Қалыбаева Сәуле Есімқызы, Бопақов Аслан Ахметжанұлы, Шалова Татьяна Николаевна, Гоцман Людмила Владимировна т.б.

Бұл ұстаздардың пән кабинеттері де заман талабына сай, эстетикалық талғаммен жабдықтаған.

Осындай игі істер білікті мамандардың  көмегімен жүзеге асырылуда. Әрбір мұғалімнің алдындағы міндет сапалы білім беру арқылы арқылы ұлттық дәстүрді бойына сіңірге жеке  тұлға тәрбиелеу.

Leave a Reply

Your email address will not be published.