РЕЦЕНЗИЯ №109 – 22.10.2022 ж.


Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Б. Жунускулованың «Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Автор М.Б. Жунускулованың «Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасының рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, ақпарат көздеріне сілтеме берілуі, шрифты таңдауы, интервалдары, әдебиет тізімдерін рәсімдеуі авторлық бағдарламаға қойылатын талаптарға сай.

Бағдарламаның оқыту мақсаты мен тапсырмалар жиынтығы сәйкестелген, оқыту әдістерін таңдау дәрежесі, теория мен практиканың ұштасуы көрініс тапқан.

 «Қызықты математика» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін  қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық-бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастырады.

Жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы жоғары.

Жалпы М.Б. Жунускулованың «Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:    Н.Х. Шадиева