АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Бастауыш сыныптарындадарынды және талантты оқушылармен поэзиялық жұмыс


Закириш Г. – Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі”КММ бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік  хат

 «Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,

Артында ілесе алмай жүрміз әман.

Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,

Бәрі де бара жатыр алға таман», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, күн сайын дамып, ілгерілеп бара жатқан заман талабына ілесу әр кезде де мүмкін болмайды. Ал білім саласында ондай жаңашылдықтарды жыл сайын енгізе беру тіпті қиынның қиыны болмақ. Білім жүйесінің өзгерістері мен сол ауыр артиллерияның сарбаздары: мұғалімдер мен оқушылар. Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. 

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың  даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін, өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, математикалық білім деңгейін тереңдету және  оларды  болашақ   маман  ретінде   даярлау  үшін  математика   ғылымының салаларын   тереңдетіп   оқытудың   жолы   ерекше.

Шығармашылық–бұл адам іс-әрекетінің түрі, бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай  күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып табылатын бастауыш мектептің алатын орны ерекше, өйткені бастауыш мектеп:

1. Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.

2. Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

3. Ұжымдық және жеке іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды. Кіші жастағы баланың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар.

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс –тәсілдерді қолдана білу.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс — әрекетін бақылауға қолайлылық оқу — танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

  • оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
  • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
  • шығармашылық ой — өрісі артады;
  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
  • ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
  • мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
  • білімін жүйелі түрде толықтыруға;
  • өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
  • тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды  мынадай  жолдармен  өткізуге  болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Талантты балалардың өмірінде және іс — әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс — әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата — ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.
              Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш — жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың  өн — бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
               Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданамын.

Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы: Қайсар атасымен қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен.
— Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір — екі бала былай деп аяқтапты.


Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан — жақтан көмекке адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды. Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде
қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға ризашылығын білдіріп, қошақан сыйлады.

2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті. Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
Мысалы: Дидардың құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру. Тақырып бойынша. Жоспар бойынша. Тірек сөздер арқылы
8. Өлең құрастыру. Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
            Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Бұл  авторлық бағдарлама – 3-сыныптың жаңа сипаттағы «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен – өзі, айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.
                Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін, қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның міндеті: 

– Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
– ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
-Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау;
 
Бағдарламаның өзектілігі:

1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.
2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін – айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.
            Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артады. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.
2. Білуге , үйренуге деген қызығушылықтары артты, ата-ана тарапынан баласына керекті кітаптарды тауып беріп, көмек көрсету жақсарды.
3. Кітапханамен тығыз байланыс орнады.
4. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты.
5. Оқушылардың ізденімпаздығы артып,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.
6. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты.
7. Республика, облыс, аудан көлемінде танымал , белгілі жерлес қайраткерлеріміз туралы кеңірек тани отырып, сөз маржанын теріп, мағынасына терең бойлап, жүйелі сөз , ақылды ой айта білуге үйренді.
8. Оқушыларда өздеріне деген сенім, үлкен жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артады.

Оқушының идеал бейнесі:
1. Тақырыптың мазмұнын ашуда бір-бірімен ұжымдық қарым- қатынас жасайды.
2. Сауатты жазуға үйренеді.
3. Жүйелі сөйлеуге;
4. Әсерлі баяндауға;
5. Ауызша сөйлеуге дағдыланады.
6. Өз ойын дұрыс жеткізеді
7. Қажетті ақпаратты қолданады.
8. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасады.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, жерлес ақын-жазушылардың шығармалары, еңбектері, елге сіңірген еңбектері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.
1.«Білім –керек бәріне» тарауында, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екенін, білімді адам- күшті, ақылды, тапқыр болатыны түсіндіріліп, оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын ұғындыру.
2.«Атадан қалған асыл сөз» тарауында «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, халқымыз ежелден сөз ұстаған шешендерін қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін еске сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізіп отырғанын ұғындыру арқылы, жүйелі сөз, ақылды ой айта білуге үйренеді.
3.«Қыста талай қызық бар » тарауында «Табиғат – алтын бесік» Абайдың жыл маусымдарына жазған өлеңдері арқылы табиғатты сүйе білуге, қорғауға, экологиялық тәрбие беруге үйретіліп, дүниетанымын жетілдіруге машықтанады.
4. «Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге» тарауында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, ұлтжанды, ұлылық ұстанымдарын жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы ізденуге, көп білуге үйрету.
5. «Адам болам десеңіз» тарауында «Бейнетсіз рақат жоқ », «Ердің атын еңбек шығарар » дегендей елге еңбегі сіңген аталарымыз бен ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беруге , мамандық таңдай білуге баулу.

Толығырақ…