АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Графика


Сайдалиев К. Р.   – Түркістан обл Түркістан қаласы Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектеп информатика пәні мұғалімі

Түсінік хат

    Қазіргі кезде сканерлер, цифрлы фотоаппараттар пайда болуына байланысты адамдар жоғарғы өлшемді цифрлық бейнелерді алды. Бұл оларды өңдеуге, қайта құруға, осының негізінде жаңадан бейне құруға, коллаж жасауға т.б. әкелді. Осы курс фотосуреттерді өңдеуге және қайта құруға арналған Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасауды оқытады.

   Adobe Photoshop – қазіргі замандағы дизайнның жан-жақты құралы ретінде цифрлық фотосуретті өңдеу әлемінде фактілі стандарт болып табылады. Бағдарлама фотосуреттерді өңдеу мен қайта құру мүмкіндігінен басқа жоғары деңгейлі профильде, сонымен қатар Web дизайнда қолданылады.

  Бұл құралды меңгеру- үлкен уақытты, арнайы әдебиеттерді оқуды, үнемі эксперимент жасап отыруды талап етеді.

   Бұл оқу құралы компьютерлік графика «Adobe Photoshop» пәнінің бастапқы негіздері ретінде орта мектеп оқушыларына арналып құрылған. Келтірілген материал оқу стандартына сәйкес пәннің өзгеріп отыратын үрдісін есепке ала отырып құрастырылған. Курс аптасына 1сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Таңдау курсының мақсаты:

  • «Графика» түсінігі, тарихы және түрлері туралы жалпы білімді қалыптастыру;
  • Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеуге, әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен жасауға үйрету;
  • Информатикаға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Таңдау курсының міндеті:

  • Adobe Photoshop-тың негізгі операцияларымен таныстыру;
  • Екі жобаны орындау: архивті фотоны қайта қалыпқа келтіру және жаңа жылдық открытка жасау.

Оқушылардың  білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Міндеттері:

  • Өзіндік жұмыс түрлерін тиімді, дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектесу;
  • Кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге бағыттау;
  • Ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушы нені білуі керек:

  • Photoshop-та  графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгерту және өңдеу мүмкіндігін;
  • Adobe Photoshop графикалық бағдарламасында  түстер палитрасымен жұмыс істей білу, суреттерді еңгізу және шығару, контурларын ерекшелеу, түс тандау, сурет фильтрін тандау, өлшемі мен кеңейтілімін өзгерту, суреттерді түстендіру және басып шығару мүмкіндігі;
  • Компьютер бөлмесінде жұмыс жасау және техника қауіпсіздік ережесі.

Оқушы нені үйренуі керек:

  • Бағдарламаның ашу жолдарын, терезе элементтерімен жұмыс істеуді;
  • Бағдарламада қолданылатын барлық құралдармен жұмыс жасауды;
  • Мәтін теруге арналған құрал-саймандармен жұмыс істеуді;
  • Түстермен жұмыс істеуді үйренуі керек.

Толығырақ…