АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары


Арзикулова Н.А.   – Шымкент қаласы «№92 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих және география пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Мектеп оқушыларына арналған таңдау курсының бұл бағдарламасы оқушыларға экологиялық түсінік береді.  Бүгінгі таңда адамзатты  толғандырып отырған  басты  мәселенің бірі –экология.  Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның,  қазіргі табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа  түсіндіру. Қазіргі кезде дүние жүзі  қауымдастығының алдында  тұрған келелі мәселелерінің бірі- адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл мәселе барлық елдерді  толғандыруда. Мұны шешудің  бірден-бір жолы экологиялық білім беріп, жеке  тұлғаны қалыптастыру екенін  көптеген ғалымдар өз еңбектерінде айтқан.  Қазір дүние жүзінде тұрмыстық, экономикалық  қажеттілік пен экологиялық мәдениеттілік арасында  алшақтық бар екені жиі  айтылуда.  Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруде дүниетанымын жетілдіріп, айналадағы ортамен табиғатқа жауапкершілігін арттыруға сабақтас пәндердің жүйесінде экологиялық мәселелерді үйлестіріп, оны өз беттерінше себеп-салдарын ашып, таңдау жасауға, баға беруге және шара қолдануға үйретуге  ықпалы зор. География пәнін эколгия пәнімен кіріктіре оқыту жас жеткіншектің теория жүзінде алған білімін іс жүзінде қолдана білуін қалыптастырады. Экологиялық  сауаттылыққа, өркениетті мәдениетке тәрбиелейді.                                                                                            Мектеп қабырғасында оқушыға экологиялық білім беруде сыныптан тыс жүргізілетін  жұмыстардың маңызы зор: оқылатын дәрістер, әңгімелер, табиғатқа, өндіріс орындарына саяхат, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс жүргізілетін шаралар, оқушылардың  азаматтық борышын, қалыптастыратын ғылыми білім болып  табылады.                                                                                                                              Мектепте   жас ұрпаққа эколгиялық білім мен тәрбие беру адамзаттың табиғатқа, қоршаған ортаға, қоғамға және жеке адамға деген көзқарасымен қатынасын түбегейлі өзгертудің, сөйтіп нағыз өркениетті адамның дамуын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.

Бағдарламаның  мақсаты:

Оқушылардың экологиялық білімін тереңдету, қызығушылығын арттыру, танымдық,  ізденушілік қабілеттерін дамыту;                                                 Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;                                                                                                                   Оқушыларды интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке,ізгілікке, экономиканың барлық салалары бойынша еңбекке тәрбиелеу;

Бағдарламаның міндеттері:

– Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;                                                                 -Экологиялық мәдениет пен ізгілікке тәрбиелеу;

-Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;      

-оқушыларда қазіргі географияның маңызды экологиялық проблемаларын шешудің жолдары жөніндегі түсініктерді қалыптастыруға, оның қоғамдық өмірге икемделуіне және географиямен, технологиямен байланысты мамандықтарды саналы түрде таңдауына негіз қалыптастыруға ықпал жасау;

Болашақта күтілетін нәтиже:

Оқушы өз бетінше  ізденуге дағдылануы қажет

Оқушы жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға машықтауы керек.

Отандық рухты, отаншылдықты ұрпақ санасында қалыптастыру, көзқарасты байыту.

Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Тарих, биология, география.

Аптасына -1сағат, жыл бойы-36 сағат

Курстың ұйымдастыру формасы:

Лекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, акция өткізу.

Тексеру  әдістері:

Топтық және дара тапсырмалар арқылы

Тақырып бойынша «проект қорғау» сабағы  арқылы

Өздік жұмыс орындау

Семинар  сабақтар арқылы.

Толығырақ…