РЕЦЕНЗИЯ №131 – 09.11.2022 г.


Түркістан облысы, Арыс қаласы, И. Журба атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші 

Б.Б. Тажибаеваның «Математика әлемінде» атты авторлық бағдарламаға

ПІКІР

          Автор Б.Б. Тажибаеваның «Математика әлемінде» атты авторлық бағдарламасының рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, ақпарат көздеріне сілтеме берілуі, шрифты таңдауы, интервалдары, әдебиет тізімдерін рәсімдеуі талапқа сай.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Бағдарламаның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі, өзектілігінің негіздемесінің болуы, жасап отырған бағдарламаның жаңалығы) айқындалған.

          Авторлық бағдарламада бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар енгізілген. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауы, зейіні, есте сақтауы, өзіндік бағалау және қорытынды жасауы қалыптасады. Оқушылар өздерінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды үйренеді.

          Авторлық бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Жалпы, Б.Б. Тажибаеваның «Математика әлемінде» атты авторлық бағдарламасын бастауыш сынып мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева