Мектепалды балалардың қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорын дамыту


Сұлтангереева Ғазиза Мырзабайқызы
Степногорск қаласы МКҚК№4 «Арман» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

Тәжірибенің өзектілігі

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, ойландырады, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.Ойын дегеніміз жаттығу,ол арқылы бала өмірге бейімделенеді.Ойын арқылы оқыту-мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі.Баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі-дидактикалықойын.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екендігін ескере келе,дидактикалық ойындарды қолданылуы жақсы нәтиже береді.Дидактикалықойындарды пайдалану педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған.Қайырбекова А.,Әбселемова А.,Алдабергенов А., т.б.ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын,түрлерін қолдану жолдарын  көрсеткен.Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерініңбірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процестеойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге бейімделеді.

Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыныАбай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Дидактикалық ойындар, әсіресе ерте жастағы топтарда балаларға сюжеттік – рөлдік ойындарын үйрету,өзіне белгілі рөлді ала білу, ойын ережелерін орындау, оның сюжетін ашу мектепке дейінгі педагогиканың әдісі ретінде қарастырылады. Мысалы, «Әлди,әлди ақ бөпем» дидактикалық ойынында тәрбиеші кіші топтардың балаларына қуыршақты шешіндіруде қимылдардың реттілін – орындыққа киімдерді ұқыпты жинауды, қуыршаққа қамқор болуды, оны жатқызуды, бесік жырын айтуды үйретеді. Ойын ережесіне сәйкес, балалар заттардың ішінен ұйықтауға қажеттілерін таңдайды. Мұндай ойындар кіші топтарда бірнеше рет өткізіледі: «Ғауһар қуыршақтың туған күні», «Ғауһардысеруендеуге киіндіреміз», «Ғауһар түскі аста», «Ғауһарды жуындыру».Қуыршақтармен ойындар балаларды өздігінен шығармашылық сюжеттік – рөлдік ойындарға үйретудің тиімді тәсілі болып табылады.

Дидактикалық ойындар – баланы жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеудің қажетті құралдары болып табылады.

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына шешімі шоғырланушылықты, зейінді, ақыл-ой күшін, ережені түсіне білуді, әрекеттердің реттілігін, қиыншылықтарды жеңуді талап ететін дәл немесе өзгеше мақсаттар қойылады. Олар мектепке дейінгілердің сезіміне және қабылдауына, түсініктерінің қалыптасуына, білімді меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойындар, балаларды сол немесе басқа ақыл-ой және тәжірибелік міндеттерді әртүрлі үнемді және оңтайлы әдістерімен шешуді үйретуге мүмкіндік береді. 

Дидактикалық ойындардың жекелеген білім мен білікті меңгеру әдісі ғана емес, сонымен бірге баланың жалпы дамуына, оның қабілеттілігінің қалыптасуына қызмет етуіне қол жеткізу керек.

Дидактикалық ойындар адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуге, балалардың көпшілдігін дамытуға жәрдемдеседі. Тәрбиеші балаларға бірге ойнай білуді талап ететін, өзінің жүріс-тұрысын реттейтін, әділ және адал, көнтерлі және қатаң болуды талап ететін осындай шарттар қояды.

Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс.

Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу). 

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады. 

Дидактикалық ойынның ұйымдастырылған оқу әрекеті барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет.

Ойын арқылы оқушы:

– қисынды ой-қабілетін дамытады;
– өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
– есте сақтау қабілеті дамиды;
– зейіні қалыптасады; 
– байқампаздығы артады;

Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған инновациялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:

– баланың оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете отырып, рөлін күшейту;

– балада толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;

– оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;

– оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие болуы;

– қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста еркін қолдана алудың өзектенуі.

Толығырақ…