Ғажайыптар уақыты


Баймурзин Медет, Байдильдинова Сымбат, Қуанышбай  Інжу, Сагимбаева Аяжан, Жақсыбай Сұлтан, Аскаров Ерсұлтан,

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі оқушылары

Жетекшілер: Айжанова Сауле Темиржановна

« Шет тілінің пайда болуы және даму тарихы»

         Ағылшын тілі – ұлы әдебиеттің тілі, жаңа қоғамға, өмірдің келесі кезеңіне, барлық жетістіктерге жеткілікті мүмкіндіктер бар жаңа әлемге өтудің бір түрі. Бұл дүниеге келген адам өзгермейді және ол жиі жақсы жаққа өзгереді, өйткені жаңа таныстар шеңбері, жақсы төленетін жұмыс, содан кейін өз бизнесі – нәтижесінде қаржылық еркіндік, жаңа достар. біреудің қалтасына түсуге дағдыланбаған және қарапайым, жақсы қамтамасыз етілген адам бақытынан ләззат алуға қабілетті, мұның бәрі ең жағымды көңіл-күй мен өмірге түбегейлі жаңа көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. .Қазір ағылшын тілі өте танымал. Бұл компьютердің, ғылымның, бизнестің, спорттың және саясаттың тілі. Ағылшын тілі бүкіл әлемде сөйлейді. Бұл Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Канада, Австралияда ресми тіл. 750 миллионға жуық адам ағылшын тілінде сөйлейді. .Ағылшын тілінде сөйлей отырып, сіз газеттерді, журналдарды және ұлы жазушылардың шығармаларын түпнұсқада оқи аласыз, спутниктік телебағдарламаларды көре аласыз. Саяхаттауды ұнататын болсаңыз, басқалар түсінбей қалады деп қорықпай кез келген жерге бара аласыз. Жақсы жұмыс табу үшін ағылшын тілін білу де маңызды. .Ағылшын тілі әдемі.. Бұл Уильям Шекспирдің, Чарльз Диккенстің т.б. Әлемдік ғылыми әдебиеттердің жартысы ағылшын тілінде. Бұл компьютерлік технологияның тілі. Немістің ұлы ақыны Гете: «Шет тілін білмеген өз тілін де білмейді» деген екен. Сондықтан өзіңді де, өзгені де түсіну үшін шет тілдерін үйрену керек. .Қазіргі таңда әрбір білімді адам, жақсы маман ағылшын тілін білуі қажет деп ойлаймын.

                                                                                                  Баймурзин Медет

                                                                                            10 «Ә» сынып оқушысы

«Тәуелсіздік тұғырым»

    Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман!Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық ,саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және экономикамыздың  жедел қарқынмен даму –қазіргі  таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап,Тәуелсіздікке  зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Байдильдинова Сымбат                                                                                                            9 «А» сынып оқушысы

Ғажайып қыс

      Қыс келді . Жер беті ақ көрпеге оранды. Ал адамдар қысқа ерте дайындалады.Отын- суын, өздеріне қалың киім , азық-түлік дайындап, малдарына жем-шөп түсіріп, қораларды жылылайды.Қыс қызықты. Қысты жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Өйткені, балалар шанамен сырғанайды,қардан аққала жасайды, бір- біріне қар лақтырысып ойнайды. Тоңса да үйге кіргісі келмейді. Шып- шымыр таза ауада екі бетің қызарып ойнап жүрген қандай рахат!Биылғы қыс біздің Қостанай өңірінде ерекше болып тұр.Себебі, қараша айынан бастап,бізде қар жауып, күнқатты аяз болып тұр.Не болса да, мен қыс мезгілін қатты ұнатамын.Қыс қызығын балалардан артық білетіндер бар ма екен?!

Қуанышбай  Інжу

                                             «Тәуелсіздік таңы»

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы,1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәғгілік қалары анық.Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз  өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай  жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.

                                                                                                        Жақсыбай Сұлтан

                                                                                                      9 «Ә» сынып оқушысы

Тәуелсіздік 

                                              Еркіндігім.
                                              Қасиеттім.
                                              Қастерлім.

                                            Тәуелсіздігім!
                                 Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
                                 Кеше сенің келбетіңді арман етіп,
                                Өзге ұлтқа жаутаңдап.
                                Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
                                Аналардың жанарына жас бердің!
                                 Уа, Еркіндік, қош келдің!                                                                                              Аскаров Ерсұлтан