«Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктері»


Рахимова Асфира Сейтбековна

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі психология және арнайы пәндер оқытушысы

АШЫҚ САБАҚ ӘЗІРЛЕМЕСІ

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктері»

4-ДО-1 тобы

                                                                                                                                   Оқытушы:Рахимова Асфира Сейтбековна

Өскемен қаласы, 2022 жыл

Топ: 4-ДО-2

Мерзімі: 24.11.2022ж.

Өткізілу орны: № “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту шеберханасы”

Сабақтың тақырыбы:«Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктері».

Мақсаты:

Білім алушылармен өткен сабақты еске түсіру, қайталау, жаңа сабақ «Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктері»туралы түсінік беру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктерін меңгерту,өз тәжірбиелерінде қолдана білуге үйрету.

-Топтық-бірлескен,ұжымдық жұмыс формаларын жетілдіру.

Білім алушылардың танымдық әрекетіндегі ой-өрістерін дамыту, өзіндік жұмыс түрі арқылы ізденіс- салыстыру, іс-әрекеттібағалау,рефлексия жасау әрекеттерін дамыту.

-Ақпараттық , пәндік, коммуникативтік құзіреттіліктерін  дамыту.

-Білім алушылардың  топта бірігіп жұмыс істеу сапасы мен өзара сыйластық қарым-қатынастарын және пәнге деген қызығушылықтарын  тәрбиелеу.

Оқыту технологиялары:АКТ, СТО (Сыни тұрғысынан ойлау) технологиясы.

Құрал-жабдықтар:интер-белсенді тақта , презентация слайдтар

Көрнекіліктер: әдебиеттер,топтық және өздік жұмыстарға үлестірілетін  таратпа  тапсырмалар, таблица-сызбалар.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік,топтық жұмыс, ізденіс-зерттеу жұмысы, салыстыру, ой қозғау,  «Табақ тарту», «Аквариум», «Австралия жаңбыры», «Өрмекші торы» стратегиялары.

Негізгі ұғымдар:Қиял ,қиял ерекшеліктері, қиял түрлері.

Әдебиеттер:

1.В.С Мухина«Мектеп жасына дейінгі психологиясы» Алматы «Мектеп»;1986 ж

2.Қ.Жарықбаев «Жалпы психология» Алматы «Білім» 2004 ж

3. К. Жұмасова «Псхология»  Астана 2014ж

4.Ф.Жұмабекова «Психология» (Мектепке дейінгі кезең) Астана ж

5.   Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова «Балалар психологиясы» Алматы, 2012 ж

6.   Р.Қ. Аралбаева «Мектепке дейінгі психология» Алматы, 2012 ж

Әдіс-тәсілдер Сабақ кезеңдері Оқытушы әрекеті Білім алушылар әрекеті
Ұжымдық-бірлескен. Ұйымдастыру кезеңі.   Білім алушылармен амандасу.Бүгінгі сабағымыз бірлескен,шығармашылық түрде өтеді деген ойдамын.Сәттілік тілеймін!. Оларды түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу.«Досыңа тілек» Білім алушылар үш  топқа бөлініп,топтық формада отырады. Бағалау парағын тарату.  
Сұрақ-жауап, пікір талас. Мотивациялық- қозғаушы кезеңі. «Миға шабуыл» Үй тапсырмасы. Тренинг:.«Егерде мен ……» Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру.Қиялға анықтама. Практикалық тапсырма: әр жас топтарына байланысты ойындарды талдау.
 «Ой қозғау» Өзіндік тексеру кезеңі.  «Аквариум» әдісі:дәрісбаянбойынша   Теориялық тапсырма. Таратпа – мәлімет арқылы  өзара оқыту,жаздыру.    
Жаңа материалды   түсіндіру.     Жаңа сабақ жоспары: Білім алушыларға«Бала қиялы даму ерекшеліктері турал» туралы түсінік беру.  «Табақ тарту» әдісі. Білім алушылар тапсырма бойынша топта бірігіп тұжырымдама жасайды   Топтық жұмысы: «Табақ тарту» ойыны. Ойынның шарты: Әр топтағы білім алушылар табақты таңдайды да ,тапсырма бойынша өз ойларын бөлісіп пікір таласқа түседі.
  Сергіту сәті. «Австралия жаңбыры» Қимыл-қозғалыс арқылы жаңбырдың дыбысын келтіру.
Ізденуші-қозғаушылық . Жаңа материалды бекіту.                                           Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қой.                             Шығармашылық тапсырма             Мектепке дейінгі баланың қиялының даму ерекшелігіне байланысты. 1. Қиял қоршаған дүниені өзгертетін, ерекше … іс-әрекет. 2. Бейнені құрастыруда енді тек нақты зат емес сонымен қатар оның … елесі де бола алады. 3. Сөздерді  қиялға қосу оны … және … басқармалы етеді. 4. Көркем суретте  балалар әдетте … бейнелерді қарапайым әдістер арқылы құрастырады. 5. Қиялдың дамуы мен пайда болуы-әлеуметтік … . 6. 4-5 жаста балалардың ойындары … минут, ал 5-6 жаста … сағаттан бірнеше күнге дейін ойнай алады. Бейне-сюжетті талдау.Баланың қиял ерекшеліктерін анықтау.
Өзіндік-жеке,топтық бағалаулары. Қортынды баға қойылады. Кері байланыс: «Өрмекшінің торы» Өз ойларын ортаға бөлісу.   Білім алушылардың  қортынды бағасын шығару  
  Үй тапсырмасы.     Мектепке дейінгі баланың қиялының дамуы неге байланысты? ( Жағдаяттар дайындау)

АШЫҚ САБАҚ ӘЗІРЛЕМЕСІ

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял ерекшеліктері»

4-ДО-2 тобы

Өскемен қаласы, 2017 жыл