РЕЦЕНЗИЯ №0149 – 17.03.2023 ж.


Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ататүрік атындағы мектеплицейі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Б.Баршабекованың «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту» атты әдістемелік кітапшасына

ПІКІР

          Автор Н.Б.Баршабекованың «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту» атты әдістемелік кітапшасының  рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, шрифты таңдауы, интервалдары талапқа сай келеді.

          Әдістемелік еңбекте 34 сабаққа арналған тапсырмалар ұсынылған. Жұмыстың өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі, өзектілігінің негіздемесінің болуы, жасап отырған еңбектің жаңалығы) айқындалған.

          Әдістемелік кітапшада бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар енгізілген. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауы, зейіні, есте сақтауы, өзіндік бағалау және қорытынды жасауы қалыптасады. Оқушылар өздерінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды үйренеді.

          Әдістемелік еңбек мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Жалпы, Н.Б.Баршабекованың «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін дамыту» атты әдістемелік кітапшасын бастауыш сынып мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп санаймын.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х.Шадиева