РЕЦЕНЗИЯ №154 – 17.03.2023 ж.


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп» КММ биология пәні мұғалімі А.Ә.Қуаттың

«Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор А.Ә.Қуаттың «Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі» атты авторлық бағдарламасы техникалық талаптарға сай рәсімделген.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Бағдарламада оқушыларға тірі ағзалардың физиологиялық үрдістерін түсіндіру дағдыларын, физиологиялық даму механизмі мен заңдылықтарын анықтау дағдыларын қалыптастыру мақсат етілген. Осы орайда медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы, қызметі, адам әрекетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету міндеттелген.

          Бағдарламада оқыту мақсаты мен тапсырмалардың сәйкестігі сақталған, оқыту әдістерін таңдау дәрежесі, теория мен практиканың ұштасуы дұрыс.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы жоғары деңгейде деп санаймын.

          Қорыта айтқанда, А.Ә.Қуаттың «Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі» атты авторлық бағдарламасы мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамын.

Ұсыныс: 1) Бағдарлама атауында қателік бар, соны жөндеу қажет (бағдарламаның титул бетінде, 2-бетте «жүйесінің» сөзі қате жазылған); 2) Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеу керек.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева