«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» Авторлық бағдарлама


С.С.Нурбосынова –  «Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектеп»  КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат

«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен оқушылардың функуионалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясындаәдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген.

Қазіргі таңда білім беру саласында айтарлықтай өзгерістердің орын алып отырғаны баршаға аян. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының енгізілуі соның бір дәлелі. Мұнда заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару мәселесі басты мүдде етіп қойылған. Сол мақсатты жүзеге асыру барысында бәсекеге қабілеті жан-жақты сауатты, құзіреттілігі мен біліктілігі жоғары азаматтарды дайындап шығару ісінде мұғалімдер қауымына да қойылатын талап-тілектер сандық-сапалық тұрғыдан арта түсті. Оқушыларға білім берудегі негізгі бағыт оларды ауыспалы, қарқынды даму үстіндегі өзгермелі қоғамда өмір сүруге бейімдеуге, теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретуге жұмылдыруда.

«Оқу сауаттылығы» – оқушылар негізгі пән «Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылыоқушылардың дүниетанымы кеңіп, заңдылықтарына сай дұрыс сауатты сөйлеуге, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамытуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету көзделген. Пікір айту, баяндау, сипаттау, дәлелдеу, байланыстырып сөйлеу мүмкіндіктерін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Скачать