РЕЦЕНЗИЯ №0158 – 17.03.2023 ж.


Батыс Қазақстан облысы, «Теректі ауданының білім беру бөлімі 

1 Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Л.Ш.Темиргалиеваның «Спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты әдістемелік кітапшасына

ПІКІР

          Автор Л.Ш.Темиргалиеваның «Спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты әдістемелік кітапшасы техникалық талаптарға сай рәсімделген.

          Аталған әдістемелік кітапшаның мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын тәрбиелеуге және спорттың әр адамның және жалпы қоғамның өміріндегі маңыздылығын түсінуіне жағдай жасау. Жалпы дамуға бағытталған дене шынықтыру іс-әрекетінің мазмұнының негіздерін игеру, өз денсаулығына ұқыпты қараудың тұрақты мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерді тұтас дамыту, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан пайдалану арқылы оқушылардың жеке басының дене шынықтыруын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін автор әр сабақты түрліше өткізудің жолдарын қарастырған, оқушыларға сауықтыру және жаттығу бағытындағы дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу, дене дамуын және дене дайындығын жақсарту міндеттеріне сәйкес жеке сабақтардың мазмұнын жасау бойынша білім беруді көздейді. Сол арқылы оқушылар дене шынықтыру сабақтарында, ойындар мен жарыстар кезінде эмоцияларын басқаруды, қарым-қатынас және өзара әрекеттесу мәдениетін меңгеруді үйренеді деп күтілуде.

          Қорыта айтқанда Л.Ш.Темиргалиеваның «Спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты әдістемелік кітапшасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп есептеймін.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институтының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева