Тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.


Ибраева Алия Муталипкызы

Қостанай облысы  әкімдігінің  білім басқармасының  Қостанай ауданы білім бөлімінің  “Алтын бесік”  бөбекжайы” КМҚК  тәрбиешісі

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.    Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. Логикалық ой кез-келген кедергілерді дұрыс қабылдап қана қоймай,оның шешу жолдарын таба білуге ықпалын тигізеді. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-ке артық?» т.б. Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Заманауи ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Өзімнің тәжірибемде  «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін  жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой –жүйелерін қалыптастырамын.  Қарапайым жұмбақтар,ситуациялық жағдайлар,логикалық ойындар: ребустар,бас қатырғылар баланың логикалық ойын дамытады,жаңаша ойлау дағдысын қалыптастырады. Тапсырма күрделенген сайын оны шешу уақыты  аз болады да,  логикалық ойлаудың дамуына көмегін тигізеді. Шығармашылық тапсырмалар балалардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни тәрбиеленуші өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, баланы өзіне тарта, баули түседі. Дидактикалық ойындардың да баланың логикасын дамытуға зор үлесі бар.