Математикадан сабақ 1 сынып “Қосу және азайту”


Оқытушы:Турсунбаева Бекзада Алимбаевна

                                                         Ю.А.Гагарин атындағы №7орта мектеп

                                                                   Степногорск  қаласы

   Қосу және азайту презентациясы

       Тақырыбы:    Қосу және азайту

       Мақсаты: 

  1. Оқушылардың  есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру,

сандар  құрамын анықтай білу дағдыларын  бекіту;

  1.  Логикалық ой – өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын  арттыру;
  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа,, шапшаңдыққа, белсенділікке  тәрбиелеу.

      

       Сабақтың әдіс-тәсілдері:   сұрақ-жауап,  жинақтау, ойын.

       Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта.

       Сабақтың типі:  пысықтау

       Сабақтың барысы:

      І. Ұйымдастыру  кезеңі

Психолгиялық дайындық

Қайырлы таң  достым

Қайырлы күн  болсын.

Аптаның  әр  күні

Сәттілікке  толсын!

ІІ. Қызығушылықты  ояту

      «Өз орныңды тап» ойыны.

-Бұл сандар  қалай аталады?  (натурал  сандар)

-Тақ сандар, жұп сандар  қатарын  көрсету.

       Жаңа сабақ

-Балалар  тақтада  қандай  геометриялық пішіндерді көріп  тұрсыңдар?

-Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы.

Сол пішіндерде  жазылған өрнектердің мәнін  ауызша  табайық.

    (слайд)

– Ал балалар, мына  суретте қай жыл мезгілі   бейнеленген? – Қыс  мезгілі.

Дұрыс. Суретте нелерді көріп  тұрсыңдар? – Күн, бұлт,аққала, шырша, қоян,құстар, үй.

Осы суреттердің  әрқайсысының  артында  сендерге  арналған  тапсырмалар  бар.

Тапсырмаларды орындауға  дайынсыңдарма?

Күннің тапсырмасы:  (слайд) 

Математикалық  диктант 

  1. Азайғыш 5 азайтқыш 3 айырманың мәні нешеге тең?
  2. Қосылғыш 2, қосылғыш 4 қосындының  мәні нешеге  тең?
  3. Ең үлкен  бір  таңбалы  сан.
  4. Айдоста 7 шар,  Шыңғыста  одан 2 шар кем.  Шыңғыста неше  шар  бар?

5.7санынан  кейін  тұратын  сан.

       (слайд)

      Бұлттың  тапсырмасы:

Бұлттарда  жазылған  сандар:

2, 6, 1, 9, 4, 7, 0           9, 4, 2, 10, 5, 3, 1

1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды  кему ретімен жазады.

     Сергіту  сәті (слайд)

     Шыршаның  тапсырмасы: (слайд)

 

Сандар  құрамын  анықтау.

  • қатар – 8 саны
  • қатар – 9 саны
  • қатар 10 саны

     Қоян тапсырмасы:   (слайд)                                                                                        

      Сәбіздерді  « жинауға  көмектесейік» ойыны

10 – 0               7 – 2

8 + 2               6 + 1

3 – 1               8 – 3

      Аққаланың тапсырмасы:

сурет  бойынша  ауызша  есеп  құрастыру.

Оқулықта берілген  суреттер бойынша  есептер құрастыру

     Теңдіктер, теңсіздіктер    құрастыру

4 + 2 = 6         6 – 2 = 4

2 + 4 = 6         6 – 4 = 2

    Құстардың тапсырмасы:    кестені  толтыру

Қосу мен азайтуға берілген  кестені әр оқушы жеке орындайды.

    (слайд)

    

     ІІІ. Қорытынды

– Балалар  біз есептер шығарып отырып, қай жыл мезгілі туралы айттық?

– Қыс.

– Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

– Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Қатысқан  балаларды  мадақтау

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *