Сабақ “Аспаптардың музыкалық дауысы”


Батыс Қазақстан облысы,

Бөкейордасы ауданы 
М-С Бабажанов атындағы

ЖОББ мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі  

Айзада Тлепова

Сабақтың мақсаты:   Оқушылардың музыкалық дауысын қалыптастыра отырып, өнерге қызығушылығын арттыру, халқымыздың ұлттық музыка аспабының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу.

Көрнекіліктер: Электронды оқулық, музыка аспаптары ( домбыра, баян.) СД-дискі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

   Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет т.б.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушыларды музыкамен қарсы       алу.
  3. Өткен музыка дыбыстарын қайталау.
  4. Жаңа       тақырып.
  5. Қортынды.
  6. Үй тапсырмасы

 

     І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Оқушылармен сәлемдесіп, ҚР-сы Мемлекеттік Әнұранын орындаймыз.

 

   ІІ. Өткен сабақты қайталау.

  • Ал, енді балалар музыка дыбысының сапасын қайталаймыз. Экран арқылы жай және қатты, қысқа және ұзақ дыбыстарды үй тапсырмасы ретінде сұраймын.

 

Экран арқылы осы дыбыстардың көрнекілігін көрсетемін және пысықтаймын. ЭО-тағы «Көбелек» әнін тыңдатамын.

 

Тапсырмасы: әнді орындаушының дауысын тыңдап, әнді кім орындағанын анықтау.

  • Біз қандай ән тыңдадық?
  • Әнді кім орындап жатыр?
  • Ән орындауышының дауысы саған ұнадыма?

Оқушылармен әңгімелесіп, «Көбелек» әнін тағы да тыңдатамын.

 

Сергіту сәтін ойын арқылы өткіземін. «Кім сені шақырды?» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: артқы оқушы бір оқушының атын атайды. Кім атағанын табу керек. Тапқан оқушы ұтады, тыңдау арқылы кімнің шақырғанын табады.

Оқушылардың ой- өрісін, есте сақтау қабілетін байқау үшін, музыка аспабымен басқа әнді   орындаймын. Себебі оқушылар қандай әнді тыңдағанын білу керек. Әннің ырғағын өздері ойланып табу керек.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Экрандағы «Ырғақ» модулін тыңдатамын.

 

Дыбыс әуенінің ырғағына қарап, дауыс ырғағын табуға болады. Мысалы: құстардың, жануарлардың (қойдың, әтешің, сиырдың т.б) музыкалық аспаптың , жеке адамның дауыс ырғағына қарап табуға болады. Бұның бәрі   оқушының есте сақтау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Кез келген аспапты ойнап, оқушыға тыңдатамын. Тыңдау арқылы қандай аспап екенін тауып береді. Экран арқылы музыка аспаптарын көрсетемін.

 

(аспап сурет көрсету)

 

Аспаптардың әрқайсысы түрлі дыбыстар шығарады. (ашық күңгірт т.б.) Музыкада осындай аспаптардың әрқайсысы түрлі дыбыстар шығарады. Аспаптың өзіне тән дыбыс үнін дыбыс бояуы- тембр деп атайды.

«Тыңдаймыз» модуліндегі «Сыбызғы сыры» халық күйін тыңдауды ұсынамын.

 

Мен сіздерге сабаққа эпиграф ретінде А.Исағұлованың «Сыбызғы» әнін айтып беремін.

Қамыс қурай ағаштан, түтікше болып ысылған,

Үрлемелі ойықты үні нәзік сызылған.

Сыбызғы- қурайдан, ағаштан жасалатын көне қазақтың үрлемелі музыкалық аспабы. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті   аспабы болған. Оның 3-4 ойығы бар.

Оқушылар күйді тыңдай отырып, өз ойларын айтады. Содан кейін суретіне қарап отырып, әңгімелеп береді.

– Балалар, біздің қазақ халқы алуан түрлі музыкалық   аспаптарға бай екенін   білеміз. Сол паспаптардың суретіне қарап отырып, олардың қасиеттеріне назар аударайық.

1- қасиеті. Барлық аспаптың дыбыс бояуы бірдей емес.

2-қасиеті. Аспаптардың   түр-тұлғасы әр түрлі.

3-қасиеті. Ойналу тәсілдері алуан түрлі

4-қасиеті. әр аспаптың   өзіндік шығу тарихы бар.

Осы   қасиеттерді оқушылармен бірге талдай отырып,   оларға жұмбақ жасырамын.

 

Жұмбақ.

Сызылған үні сүйкімді тілі,

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі.   (сыбызғы)

Оқушы жауабынан кейін сыбызғы туралы оқушылардың   түсінігін тыңдау, толықтыру.

– Сыбызғы аспабында ойнайтын қазақтың атақты Сармалай   күйшісімен   таныстырайын. Ол Орал жерінде туған. Сармалайдың күйлерінде адам мен табиғат жануарлар өте әсем бейнеленген.

Сыбызғы туралы аңызды айтып беремін.

  • Ауылға екі күйші келеді. Олар ботасынан айрылған түйенің даусын естиді. Осы түйеге арнап екеуі де «Нар идірген» күйін шығарған.

 

Қазақ халқы күнделікті   пайдаланып жүрген бұйымдарданн түрлі керекті музыкалық аспаптар жасаған. Ұрмалы аспаптардың   күшті дауысын ( дабыл, дауылпаз) ұрыстарда, аңға шыққанда пайдаланатын болған. Мүйізсырнай ұран аспаптары сүйектен жасалған тұяқтас мүйіз аспаптарының   суреттерімен көрсетемін. Ойнауға оңай болу себепті тұяқтаспен ұзатылған қыздар қоштасу, сыңсу әндерін сүйемелдеген.

ІV. Қорытындылау.

Жұмбақ арқылы қорытындылаймын.

Ел қорғайтын ерлікке. Батылдыққа ерлікке.

Әуенімен шақырған. Қандай аспап балалар? (Дабыл)

 

Экран арқылы «Орындайық» модулі   бойынша баян аспабымен «Көбелек» әнін айтамыз. Асықпай   сөзін бірге қайталаймыз. Хормен әдемілеп орындаймыз.

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *