Сабақ “Тәуелсіз елдің баласы”

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлихан ауданы

Кішкеңекөл ауылы

«Күншуақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі:

Еслям Әйгерім Ерланқызы

Мақсаты: Бүлдіршіндерді еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Отанды сүюге: байлығын қорғауға, білімді болуға тәрбиелеу. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:”Кең байтақ Қазақстаным!” бүктемесі, еліміздің рәміздері,”Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты”.

Қолданатын әдіс: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші сөзін бастайды.

Тәрбиеші: Жиырма төрт: Халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғанымызды тауып, өткенімізді жандандырып, елімізде талай қиындықтар мен қуаныштар болғаны белгілі. Тәуелсіздік-біздің ең басты бақытымыз. Сондықтан да, оның 24 жылдық мерейлі тойын мазмұнды да мәнді етіп өткізу бүгінге үлкен-кішінің басты мұраттарының бірі. Бұл мәселеге Елбасымыз бен Үкіметіміз де үлкен мән беріп отыр.

-Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан-оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.

Қазақстан:   Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Жандос: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан  қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Расул: Қуат  алған  өзінен,
Туған елдің  ұлымын.
Бақытты  етіп  өсірген,
Отанымның  гүлімін.
Зарина: Шырқап  көкке  аспан – ән,
Болашаққа  бас  қадам.
Қазақ  рухын  биіктет,
Ей, бас қалам- Астана !
Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,
Асуың  бар  аспаған.
Халқым  жетсін  мұратқа,
Ей, бас  қала- Астана!

   1-бүлдіршін: Әнұран , Елтаңба, Туы туралы сөйлейді.

Қазақстан Республикасының Туы-көк, жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран тыныштықтын, берекелі өмірдің белгісі. Ою-өрнек тудың қай елдікті екенін аңғартады. Тудың авторы –Шәкен Ниязбеков.

2-бүлдіршін: Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншыған.Оны аңыз-әнгімелерегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазу бар. Авторы-Жандарбек Мәлібекұлы.

3-бүлдіршін: Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала,150-ден астам аудан бар. Республика халқының саны 15 миллион. Қазақстан басқа 130-дай ұлттар тұрады. Қазақстан жері-ұлан байтақ. Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-созылып жатыр. Жер көлемі бойынша Қазақстан -әлемде 9-орында.

4-бүлдіршін: Құстың 480 түрі, балықтын 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай. Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.

5-бүлдіршін:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

6-бүлдіршін:

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

7-бүлдіршін:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән: «Атамекен».

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Тәуелсіз елдің баласы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.