Мен таңдаған мамандық!


Мусажанова Гаухар Жусупбековна

Қостанай облысы, Қостанай ауданы Заречный ауылы Қостанай облысының білім басқармасының  “Қостанай ауданы білім басқармасының “Алтын бесік” балабақша бөбекжайы”КМҚК тәрбиешісі

Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Оның маңыздысы  балалардың  көкірегін рухани қазынаға толтыру. Осы орайда  тәрбиеленушілердің тілін ойын арқылы дамыту дағдыма айналған. Тәрбиеленушілер үшін қызықты ойындардың маңызы зор. Сондықтан жаңартылған білім аясында ойын түрлерін түрлендіріп отырамын. Өйткені, ойын әр бала үшін еңбек.  Мен үшін  өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. Тәрбиеленушілерге дайын нәрсені көрсетпей, ойын арқылы шығармашылыққа баулимын. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Кішкентай балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Өзімнің тәжірибемде тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және   тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Сондықтан дәстүрлі ойыннан гөрі АКТ-ны пайдалана отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып жүрмін. Балалардың ойын тәжірибесін қалай дамытуға болады? Осы тұрғыда ойын кешенін жаңаша құрдым.Олар:Ойындық тәжірибесін байыту. Заттық – ойындық ортаны ұйымдастыру. Досымен белсенді қарым – қатынасы. Қоршаған ортамен білсенді іс – әрекеті. Ойынды кешенді түрде басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңіндегі балалардың ойын тәжірибесін дамытуға арналған. Міне, осындай әдістер арқылы жаңа технологиямен жұмыс түрлерін түрлендіремін. Әр сабағымда тірек сөздерді, тірек схемаларды пайдаланамын. Тірек схемалар арқылы алға талпынады. Ойын – қарама қайшылықтарды қозғаушы күш. Сондықтан да ойындар түрін жаңғыртып отырамын.  Сөзжұмбақ ойындары арқылы ойын дамытамын. Кездейсоқтық немесе атын атау элементтері бар ойындар туралы көп ізденемін. Бұл жаңалықты ойындардың ұтымды шығуы – ізденуді қажет етеді. Ойындарды іріктеу барысында шешімі қиын ойыннан соң жеңілдеу ойындарға көшу дағдыма айналған. Олай болса ойын арқылы тәрбиеленушілердің іскерлігін дамыта берейік дегім келеді.