Ойын арқылы балалардың тілін дамыту


Нуржанова Карагоз Траубаевна

Лисаков қаласы КМҚК “Мұрагер” бөбекжай тәрбиешісі

Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Оның маңыздысы  бүлдіршіндердің көкірегін рухани қазынаға толтыру. Осы орайда балабақшада  тәрбиеленушілердің тілін ойын арқылы дамыту дағдыма айналған. Тәрбиеленушілер үшін қызықты ойындардың маңызы зор. Сондықтан жаңартылған білім аясында ойын түрлерін түрлендіріп отырамын. Өйткені, ойын әр бала үшін еңбек.  Мен үшін  өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. Тәрбиеленушілерге дайын нәрсені көрсетпей, ойын арқылы шығармашылыққа баулимын. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Кішкентай балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Өзімнің тәжірибемде тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және   тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Балабақшада бүлдіршіндерінің  ізденімпаздығы  ойынға негізделеді. Сондықтан дәстүрлі ойыннан гөрі АКТ-ны пайдалана отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып жүрмін. Балалардың ойын тәжірибесін қалай дамытуға болады? Осы тұрғыда ойын кешенін жаңаша құрдым.Олар:Ойындық тәжірибесін байыту. Заттық – ойындық ортаны ұйымдастыру. Досымен белсенді қарым – қатынасы. Қоршаған ортамен білсенді іс – әрекеті. Ойынды кешенді түрде басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңіндегі балалардың ойын тәжірибесін дамытуға арналған. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан болады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-ке артық?» т.б. Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Заманауи ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Өзімнің тәжірибемде  «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін  жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой –жүйелерін қалыптастырамын.  Қарапайым жұмбақтар,ситуациялық жағдайлар,логикалық ойындар: ребустар,бас қатырғылар баланың логикалық ойын дамытады,жаңаша ойлау дағдысын қалыптастырады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге келтіреді. Міне, осындай әдістер арқылы жаңа технологиямен жұмыс түрлерін түрлендіремін. Әр сабағымда тірек сөздерді, тірек схемаларды пайдаланамын. Тірек схемалар арқылы алға талпынады. Ойын – қарама қайшылықтарды қозғаушы күш. Сондықтан да ойындар түрін жаңғыртып отырамын.  Сөзжұмбақ ойындары арқылы ойын дамытамын.Кездейсоқтық немесе атын атау элементтері бар ойындар туралы көп ізденемін. Бұл жаңалықты ойындардың ұтымды шығуы – ізденуді қажет етеді. Ойындарды іріктеу барысында шешімі қиын ойыннан соң жеңілдеу ойындарға көшу дағдыма айналған. Олай болса ойын арқылы тәрбиеленушілердің іскерлігін дамыта берейік дегім келеді.