Дарынды окушылармен жүргізілетін жұмыстың әдіс- тәсілдері


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектебінің
тарих және қоғамтану, құқық негіздері пәнінің мұғалімі
Далеуова Зауреш Асауовна

        .

Дарынды балалар-олар қандай?-деген сұраққа көптеген жылдар бойы оқушы дарындылығын зерттеген белгілі психолог Л.Н.Лейтес дарынды балалардың басқалардан ерекшелігі ой еңбегіне деген бейімділігі, жаңа хабар, жаңа білімді алуға үнемі қажетсіну екендігін көрсетті.

Ағылшын психологі П.Торранстың зерттеуі бойынша «Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір мұғалімдер арасында жиі қалыптасқан, дарынды бала – қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсінбеушілік туғызатын, әр нәрсеге көзқарасы бөлек, нашар оқитын оқушылар арасында шығармашыл дарын иелері кездеседі.

Ұлы ойшыл Плутарх «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады» деп тұжырымдаған. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек.

Дарынды бала ой-өрістік және арнайы қабілеттерімен дараланады. Ой операциялары, есте сақтау, зейін, елестету, тілдесу процестері жақсы дамыған. Ақпарат көздерімен жақсы жұмыс істей алады. Дарынды балалар бір-біріне ұқсамайды. Олар әр түрлі және жас ерекшелігіне байланысты психологиялық дамуында да бірнеше құбылыстарды байқауға болады. Дарынды балаларды анықта үшін бастауыш кластан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек. Осы орайда бастауыш мұғалімдері шеберлігімен, жаңа әдіс-тәсілді сабақтарымен ұшқыр ойлы ойындармен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлығын шыңдай түсуі қажет. Білім сапасы мен деңгейін анықтап, салыстырмалы мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді.

Бастауыш буындағы дарынды оқушыларға тән қасиет қабылдауы жоғары, жаңа білімді қабылдауға дайындығы мол, оқытылған материалдың бәріне сенушілігі басым. Осы жастағы дарынды балалардың басқа балалардан ерекше бір айырмашылығы, олардың бойында ерте ересектік қасиет пайда болады, ой-өрісі, сөйлеген сөзі, ересек адамдардың қылықтарына ұқсайды. Кейде тым салмақты, балалар ойындарына қатыспай ақыл-ойды талап ететін істермен шұғылданады.

Орта буын жастағы оқушыларға тән қасиет: Өз-өзіне сенімділігі мол, белсенді, лидерлік потенциалы басым, қабілеттілігі ерекше көзге түседі. Құрбыларынан гөрі ересек адамдарға жаны жақын болады, өз бетінше ізденуге бейім.

Жоғары кластың дарынды балаларына тән қасиет:

  1. Ерекше эмоционалды, ойлаудың талдау-талқылау жұмыстарына бейім.
  2. Өзінің «тұлға» ретінде жетілуіне дамытушылық жұмыстарымен шұғылданады.
  3. Сабақта белсенділікпен, өз пікірін еркін, басым айтып мұғалімдермен пікір-таласқа әрқашан дайын.
  4. Кейбір дарынды оқушылар өз агрессиясын сыртқа шығарып мұғалімдермен тіл табыса алмайды. Себебі дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және оны қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден сабақта және өтілетін материалды толық білу елесі пайда болады, үшіншіден ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс дейді «Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта.
  5. Өз-өзіне деген сенімділіктің басымдылығының кесірі тұлғаның өзгеруіне әкеп соғады да, құрбыларымен қарым-қатынас бұзылады, өзін өзгелерден ерекше санайды.

Дарынды балалар мектеп өмірінде мұғалімдердің жетекшілігімен қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстар мен байқауларға қатысуға ұмтылады. Осыған байланысты қазір мектептерде жасөспірімдердің ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласына бейімділігін анықтау үшін, оқушының бойындағы белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылды.Дарындылықты анытау және дамыту жолдары: әдістемелік бірлестік, әдістемелік кеңес, мектеп әкімшілігі Жеке тұлғаны бейімділік қабілетіне қарай дамыту әдістеріне қарай бөлу.

Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына тартудың әдісі: бірінші зерттеу еңбегін оқып-үйрету, оларға осы еңбек дағдыларын үйрету, ғылыми жетекшінің басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың жеке ғылыми зерттеуі пайда болады.Жұмысқа баулудағы басты мәселе ауқымды ақпаратты құр жаттату және өмір бойы қолдануға баулу емес, ішінен қажетті білімді таңдай, топтай, жүйелей білуге үйрету. Жас зерттеуші жұмысын баяндауға мүмкіндік алады. Бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Әр оқушы өз жұмысының басқалармен салыстырғанда қандай дәрежеде екенін салыстыра отырып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Бұл ғылыми жобалардың пайдалы нәтижесі болып табылады, себебі жұмыстың, бастапқы кезінде оқушылардың көпшілігі өздерінің пікірлерін дұрыс ал жұмыстарын ғылыми жағынан дұрыс, құнды деп елестейді. Мұғалімнің немесе ғылыми жетекшінің ескертуін оқушылар көңіліне алып, жатады. Басқа оқушылардың баяндамаларын тыңдай отырып, оқушы өз жұмысының кемшілігін көрумен қатар, жетістіктерін байқайды. Әр баяндамашы өзіне керекті ой түйе алады. Бір ойдан бірнеше ой туындап, өзіндік механизм іске қосылады.

Оқушы бойындағы шығармашылықты тежейтін үш нәрсе деп ойлаймын:

  1. «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді деген қорқыныш сезімі»
  2. Өзіне -өзі тым ризашылық болмауы.

3.Жалқаулық.

Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Соның ішінде,

Кітапхана-ізденушілік дағдысын қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасауға баулудын быр туры

Қабілеті айқындалған шығармашыл оқушы

Еркін сөйлейді ;

   – Алдына мақсат қояды;

   – Бұрынғы білетіндерін салыстырады;

   – Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптастырады;

   – Сенімі артады;

   – Өз бетінше шешім қабылдайды;

   – Өз қабілеттерін ашық көрсете алады

М.Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді . Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік .

Дарынды шәкірттер-білікті ұстаздан.

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *