Баяндама «Дәстүрлі қазақ жанұясындағы тәрбие ерекшеліктері»


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Утегулова Сания 

Қазақ – тәрбиені бойына сіңірген халық. Кешегісіз келешек жоқ. Өзімізді –өзіміз тануда халқымыздың алуан түрлі дәстүрлерін: педагогикалық, әдептілік, филологиялық, психологиялық, бала тәрбиелеу ерекшеліктерін біліп, меңгеріп отыруымыз қажет. Ш.Айтматов: «Ешбір халық өзінің тарихи тамырынан ұзап кете алмайды, жақсы болсын, жаман болсын өзінің тарихымен бірге болады –десе, М.Жұмабаев: « Әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиені сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деді.

Қазақ баласы кішкентай кезінен үлкен тәрбие ортасында өседі. Әсіресе, алғашқы жылдары сәби үлкен-кішінің көзінің ағ,ы мен қарасы, еркесі болып, әке-шешесінің ыстық мейіріміне бөленеді. Осы орайда ер бала уақытының көбін әкесімен өткізсе, қыз бала шешесінің бауырында есейіп ер жетеді.

Абай атамыз былай деп жазады: «Жас бала анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады – бұлар тәннің құмары, бұлай болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды, біреуі – білсем екен дейді. Мұның бәрі жан құмарлығы – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»

«Бала нені білсе жастан ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған жақсы, жаман болса бала-солардан-деп Бауыржан Момышұлы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін құлаққа ұғымды, ойға қонымды етіп тұжырымдайды Жамбыл» Жақсы сөз бейне шамшырақ, отбасынан орнаған мықтап бала көңілге –деп жырлайды. Ата-бабаларымыздың жанды сөздерінің озықтығын дәлелдегенде бір-ақ мвсал келтірейік.

«Адам бақыты – бала» деген ғұлама ойшылдардың пікірін біздің қазақ былайша өрбітіп, түйіндейді. «Адам бақыты – бала, егер ол саналы болса».

Тәрбие бала тумай тұрып, дүние есігін ашпай тұрып басталуы тиіс.

Халық сондықтан да:

  • Отбасында шырақ болып жанады
  • Мейірімділік тарататын жараны
  • Анасының тәрбиесін, тәлімін,
  • Сәби болса іште жатып алауы – деумен қатар:
  • Бала тәрбиесі басынан,
  • Еңбекке баулу жасынан – дейді.

«Баланы бақырыа үйретпе, ақырын үйрет» халық асқан тәлімгер, бала тәрбиесіне осындай талап қойған. Зекіру зердеге у…

Байбалам салмай, бабын тауып үйретсең ғана еңбегің жемісті. Бабаларымыздыі «Ықтиярсыз ашқан көздің нұры жоқ» деген өткір әрі әсерлі сөзінен бала тәрбиесіне қатысты үлкен парасатты аңғаруға болады. Адам тәрбиесінде зорлыққа есік жабық.

Бабаларымыз отбасында бала көп болса, адамның өрісі ұзарады, олжа да, кіріс те мол болады деп, сол кезде – ақ көрегендікпен тұжырымдай білген. Ғұлама Абай баланың бойына 6 қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.

Олар: 1.Зерде – зейін, 2.Өнер-өріс, 3. Тапқырлық, талап, ерлік, 4.Жігер – күш. 5.Қайрат – қару, 6. қасиетпен бірге 3 асыл мінез: 1. Елімен туған-туыс, жұрағат-жекжат, дос-жолдасқа адал болу. 2. Өте әділетті болу. 3. Шындықты тура бетке айтуды атап көрсеткен.

Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ой тәрбиесінің негізі-терең ойлау мен пайымдау екендігін жан-жақты ұғындырған. Әр отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар, жұмбақтар, түрлі аңыз- әңгімелер мен тақпақтардың, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнің әр кез қатты ескерген. Баланың жасы өскен сайын оларға айтылатын ертегілердің мазмұны да күрделене түскен. Ертегінің бала таным-түсінігін, ақыл-ойын дамытуда тамаша құрал екенін естен шығармаған.

Қазақ халқының тағылымдары бесік жырынан, ат қоюдан, сүндетке отырғызудан бастап, ертегі, мақал-мәтел, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен жалғасады. Адамдарды алғашқы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу, оның ойын, сана-сезімін, болмысын қалыптастыруға негіз болады. Абай атамыз: «Бала неғұрлым көп естіп, көп көрсе, соғұрлым көп біледі» деп тегін айтпаған. Даналардың сөзі ата-аналар үшін аңсап, сусап, оқитын тәлімдік, тәрбиелік өнеге.

Осы орайда ойы терең, өмірлік түйгені мол өз заманының ақылгөй даналары былай деген:

  1. Бала-бақытың! Оның қасында барына қуан!
  2. Балаңды қорға.
  3. Балаңа жақсы үлгі бол.
  4. Балаңмен балаша ойна
  5. Балаңмен бірге еңбектен
  6. Балңа өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол бер.

Ата-баба ұрпағын қайырымды, жұртқа қамқор болуға, кемтарға әрдайым көздің қиығын салуға баулыған.

Халқымыздың жазуы болмағанмен ұрпақты ата-баба үлгісімен тәрбиелеуге айрықша мән берген. Қазақ балаға жеті атасын шежіре арқылы үйреткен. Ата-бабаларымыз сонымен бірге өз ұрпағын әрдайым имандылыққа, перзенттік парызға тәрбиелеген.

Бұдан шығар түйін: жылдар өтседе ескермейтін, өлмейтін, әрқашанда өз биігінде қалатын ата-баба тағылым-тәрбиесін бүгінгі, келер санасына сіңіру сіз бен біздің борышымыз.

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *