Мерекелік бағдарлама «Тәуелсіздік –ата-бабам аңсаған»


Алматы облысы

Ескелді ауданы

Абай атындағы орта мектеп

Мухаметжанова Бағлан Елубайқызы

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

«Көк тудың желбірегені» әні.

1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

– Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2 – жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!

Абай орта мектебінің оқушыларының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

 

1 – жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

2 – жүргізуші:

Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

 

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

 

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

Барлық жендет қорықты одан тіксінді,

Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,

Қанышерлер айналада көптін-ді….

 

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,

Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,

Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….

Ән «Қазақстан» орындайтын 10 – сынып оқушысы Өмірзақ Данияр

1 – жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой – қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

 

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар

Бақытым – Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

1 – жүргізуші:

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,

Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!

Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,

Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

 

Барлық қазақ осындай, бар қанында,

Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,

Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,

Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

 

Сол атаның ұрпағы мына менмін,

Есте ұста ей жендет, көрмегенің,

Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,

Табан асты, ол туған жерім менің.

 

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,

Халқы үшін жауаптығын сезіне,

Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,

Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

 

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 – жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз – өзінен жүрегім ән салады.

– Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Көрініс «Бөгенбайдың қазақтарды жоңғарларға қарсы шабуылға шақыруы»

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе – тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

 

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 7 – сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 – жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Әдеби монтаж. Орындайтын 5 – сынып оқушылары

2 – жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім,

Болашағым, өнер – білім, өркенім

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

 

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

2 – жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *