«Тәуелсіздік алған Мәнгілік ел!» мерекелік бағдарлама


Акмолинская область

Город Кокшетау

Учитель музыки СШ№21:

Джетписова Гульбаршин Сайдалиновна

Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
(Күй әуені күмбірлеп тұр).

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Қайырлы күн қонақтар! Бүгінгі іс-шарамызды біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнаймыз!! Келе жатқан мейрамымыз құтты болсын!
Ведущий: Здравствуйте дорогие ребята и гости нашего мероприятия. Наш праздник мы посвящаем Дню Независимости РК . Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем наш детский сад, свою семью, свое село, всю нашу огромную Республику Казахстан.

Жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
                 /Қазақстан республикасының ән үраны орындалады/
Жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Өлең Жамалиева Назеркенің орындауында “Ана” туралы ән.

Жүргізуші:Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.
Жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.
1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.
Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
Оқушы:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә – әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Оқушы:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!
Ведущий: У каждого человека есть свой  День рождения. День рождения есть и у нашей Родины. Наше уважение к государству складывается из соблюдения его законов. Запомните этот день 16 декабря – как день рождения свободы Казахстана. Прошлое не просит забвения, а настоящее не просит разъединения.    Давайте будем все вместе помнить о том, почему на карте мира  появилась  такая страна – Республика Казахстан.  В стране происходят добрые перемены, вселяющие радость и надежду. Обретя независимость, наш народ на демократической основе впервые избрал своего Президента. Была принята новая Конституция. Казахстан признали более ста стран мира. Он стал членом ряда международных организаций, в том числе ООН. Казахский язык обрел статус государственного языка. Недавно на древней казахской земле прошло собрание ОБСЕ. Это историческое событие наблюдал весь мир. Парламентом Республики были приняты новые государственные символы: герб, гимн и флаг.

Оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.
Оқушы:
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін.
Оқушы:
Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,
Н.Назарбаев
Оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Оқушы:
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы – әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.
                   Хор: Елім менің. Авторы: Н.Назарбаев
Жүргізуші:

1991-2007 жылдар аркалығында қандай жетістіктерге жеттіік?
Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып
Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.
Оқушы:1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.
Оқушы:1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
Оқушы:1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
Оқушы:1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
Оқушы:1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Оқушы: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Оқушы:2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
Оқушы:2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
Оқушы:2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
Оқушы:2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
Оқушы:2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
Оқушы:2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.
Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
«Алға, Қазақстан!» Хормен 3 рет.

Ведущий: Здравствуй, Родина наша – дорогой Казахстан!
Расцветай и красуйся, наш степной великан!
Весь народ вдохновляя на большие дела,
Пусть сияет под солнцем на весь мир Астана!

Над страною Абая новый день настаёт!
Гордый барс Казахстана устремился вперёд!
И становится краше и милей, чем была,
Дорогая столица – город наш – Астана!

 

Жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
Құрметті балалар және қонақтар осымен біздің танымдалақ бағдарламамыз аяқталды Еліміз өркендей берсін Мәңгілік еліміз – дей отыра ортаға Мукушева Инараны «Туған ел » әнімен қарсы алайық.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *