Мерекелік бағдарлама «Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы»


Орынбаеава Гаухар Тортаевна

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№5 “А” мектеп -гимназиясының,

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Қазақтың тарихын түсіндіру.Тәуелсіздіктің бағасын түсіндіру.Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу.Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге, мақтаныш тұтуға. Отанына лайық азамат болып өсуге ықпал ету. /2 слайд/

Көрнекілігі: презентация
                                                         Барысы:

Әнұран орындалады.
«Көңіл толқыны » күйі. (ойнап тұрады)

1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің  24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы»  атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
“Қазақстан” дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – деп Қасым Аманжолов атамыз айтып кеткендей, расында да қазіргі ұрпақта арман жоқ.Қанша қиындық көрсек те мойымай,алға ұмтылып, ата-бабамыз аңсап кеткен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.Тәуелсіздік туы биік тұғырлардан көріне берсін дегім келеді.

1 минут үнсіздік Тәуелсіздік құрбандарын еске алу, орындарынан тұрады /3-7слайд /

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!-дей отырып, 1 сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігін  қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән « Алға ,Қазақстан» /8 слайд/
2-жүргізуші:

Жаңбыр жаумаса,жер жетім,

Басшы болмаса,ел жетім- деп Төле би бабамыз айтқандай ,құттықтау сөз кезегі мектеп-гимназия директоры Сарычева Лидия Николаевнаға беріледі.

Көрініс: «Үш бидің үлгілері»
1-жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында

Күмбірлеген,күмбірлеген дауысы,

Таусылмайды қазағымның барында –дей отырып күйге кезек береміз.

« Детство » күйі .

2-жүргізуші:
Қазақтың мың бұралған биі қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
ортаға “Аққу” биі.
1-жүргізуші:

Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен ,қазақпын,ажалсыз анамын мен,

Құрсағына сыйдырам даланы мен,

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын данамын мен.

ән «Алға, қазақ, жігіттері»
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз – бұл жалпыға ортақ еңбек. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1-жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

« Қара жорға » биі.  / 9слайд/

Оқушылар өлең оқиды.   /10- 15 слайд/
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.                /16-18 слайд/
« Желтоқсан желі »  бейне ролик / 19 слайд/
2-жүргізуші:       /20-24 слайд/

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: « Қазақстаным » ,(Барлық бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)  /25-30 слайд/
1-жүргізуші:  /күй ойнап тұрады/
Тәуелсіз ел тарихы!
Ерте заман,о бастан қазақ халқы,
Ел болуға талай ғасыр шайқасты
Үйсін,сақтар ғұндардың патшаменен батыры,
Еуропаның төріне,даңқы өрлеп жайғасты,
Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті,
Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті
Зар заманда бірігіп,жұдырық пен найзасы
Қорғады ғой өле-өлгеншебасқа ұлт пен теңдікті.
Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып,
Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр
Бастан кешкен зар заман,отаршылдық езгісін,
Болашағы елімнің,бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей, келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы»

атты мерекелік концертіміз аяқталды.
2- жүргізуші:

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,қош келдің!                  
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *