Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі (тәрбие сағаты)


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектебінің
тарих және қоғамтану, құқық негіздері пәнінің мұғалімі
Далеуова Зауреш Асауовна

Мақсаты: Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Намысымның шырағы да-Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да-Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан.

 

Қазақстан өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін ұзақ та қиын қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді.Осы күрестің жарқын бір көрінісі 1986 жылғы Желтоқсан болды.

Біз Желтоқсан оқиғаларынан ұмытылыс тағылым алып, оны еліміздің болашағын нығайта түсу үшін пайдалана білуіміз керек.

16 желтоқсанда небәрі 18 минутқа ғана созылып, іргелі республиканың басшылығына қатысты мәселені көзді ашып-жұмғанша шешіп, қазақтың дара туған азаматы Д. Қонаевты билік басынан алып, қазақ жерінің топырағына табаны тиіп көрмеген, ауасын жұтып, суын ішпеген, маңдай тері төгіліп еңбек етпеген, халқының қандай екенінен бейхабар әлдебіреу Г. Колбинді әкеліп отыра салуы жастардың наразылығын тудырып, ащы ызасын келтірді.

Көрініс.

Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.

1-оқушы

Алматыда жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республикаалаңына соғамын.Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасиетті де Желтоқсан оқиғасы түседі.Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болғанҚайратпен бірге мен де болған едім.

2-оқушы

Мен де осы алаңға келсем барлығы мағанне айтасың дегендей болады.

Артық сөзің,армандарың хатта қалды

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды

Қайрат! Қайрат!

Сені мені естимісің.

3-оқушы

М.Шаханов: иә, дұрыс айтасыңдар!

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын,айналайын, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын депшарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол күндегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

 

Желтоқсан оқиғасының жаңғыры жүздеген жылдарға кететініне ешқандай күмән жоқ.

  • жылы ақ түйенің қарны жарылып, шаттыққа бөлендік. Ел өмірі түгелімен өзгеріп, дамудың жаңа жолдарына көшті.

 

 

Шетсіз, шексіз, қиырсыз,ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды, шынымен суйіп өтте,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіне тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген Алыптар!

ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бірде-бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ.. Еліміздің азаттығы үшін күрескендерді, бүгінгі күнге жете алмай кеткендердің рухын бір минут тұрып еске алайық..

Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халықтың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасы” қазақ халқын дүниежүзіне танытты.

Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қаттқан мұздары-ай,

“Елім-ай деп егілген,

Қаһарман ұлдар,қыздар-ай!

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер.

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арада сатқындық та елестейді қара бет.

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін,мұз құрсанған шыршаларға қарап өт.

Заманыңның жемісі,жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен жас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпекші “Желтоқсанның жалаң аяқтары” деп.

Жоқ, Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады.

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы,

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас, оны да еске алады.

Желтоқсанның бас алаңы,қайсар рух алаңы.

 

Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рұсқылбеков, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету қарызымыз деп санаймыз.

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *