Сабақ «§30 Орта ғасырлардағы Түркия»
Дүние жүзі тарихынан 7 класс сабақ жоспары
Ақтөбе қаласы №52 негізгі мектеп тарих пәнінің мұғалімі Наренова Молдир Амиргалиевна
Дидактикалық мақсат- міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Осман империясының құрылуы жайында және сұлтандардың билігі жөнінде толық мағлұмат беру. Түркияның мәдениетін, саяхатшыларын, ғылымы мен өнерінің ерекшілігін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларға етене жақын түрік халқы жайлы, олардың мәдениеті жайында түсіндіре отырып, оқушыларды бірлікке тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздіктерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Дидактикалық құралдары: интерактивті тақта, кесте,тақырыптық карта. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты өткізудің әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу.
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа білімді игерту.
ІІІ. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану.
ІV. Сабақты қорытындылау
- Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушының сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Жаңа білімді игеру:
Тақырыбы: Орта ғасырлардығы Түркия. а)Осман империясының құрылуы. Құрылған жылы: 1299 жыл. Негізін қалаған: Ертоғрылдың (1220 ж.) баласы Осман сұлтан (1258- 1326) «Осман империясындағы жаулаушылық соғыстары» кестесі.
Жылы | Соғыстың жүру барысы | Нәтижесі | |
1352-1354жж. | Даннелл жағалауына, Галлиполь | қалаларын басып алады. | |
1363ж. | І Мұрад | Андринопольды алады | Өз астанасын осы қалаға көшіреді. |
1389 ж. | І Мұрад | Сербияға шабуылдайды. Шайқас Серб королі Лазарь түрік сұлтаны І Мұрад арасында өтті. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрадты ту сыртынан қанжармен өлтіреді | Түріктер жеңді. Шешуші шайқас 15 маусымда Косово даласында болды. Лазарь тұтқындалып, өлтірілді. |
Иылдырым Баязит (1360-1403)- І Мұрадтың баласы | Әкесінің Балқан түбегіне жасаған жорықтарын жалғастырады. | Балқан түбегін және болгардың Тырнова патшалығын бағындырды. Майдандағы ерлігі үшін Иылдырым ( Найзағай ) деген ат берген. | |
1453ж.
|
ІІ Мехмед сұлтан | 200 мың әскермен Константинаполь қаласын қоршайды. | 1453ж. 29мамыр түрік әскерлері қаланы жаулап, Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) қаза табады. |
Түркия Осман империясы болып жарияланды.
Астанасы – Стамбұл (бұрыңғы Константинаполь қаласы).
Империяның өмір сүру уақыты – ХІV- XVII ғасырдың бірінші жартысы.
Діні – ислам діні. Серб, болгар жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Балқан түбегінде мұсылмандандыру саясаты жүргізілді.
Салық түрлері:
- Харадж – жер салығы. Кәпірлерге салынған. Шаруалар- спахилік жер иесінің меншігі. 2.Үшір – өнімнің түсімінен алынатын салық. 3. Испандже – барлық халыққа салынатын салық. 4. Жизия – христиан ер адамдарға салынатын салық.
ә)Осман империясының құрылымы.
– Империя уәлаяттарға ( облыстарға ) санжақтарға бөлінді.
– Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Жоғарғы сотты – уәзір, діни бағыттағы сот ісін – шейх- уль- ислам жүргізді.
– 4 әлеуметтік топ: 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодалдар; ; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар.
Серб, болгар көтерілістерінің хронологиялық даталары:
1389ж. Косово даласындағы шайқас.
1444ж. Варна қаласында шайқас.
1593- 1598 ж. Орыс- түрік соғысы болды.
1598ж. Тырново қаласында көтеріліс болды.
1594ж. Серб халқы түріктерге қарсы шабуылдады.
б) Түрік мәдениеті.
Жазба әдебиет ХІІІ ғасырда пайда болды. Алғашқы шығарма – сопылық сарында жазылды.
ІІІ. Сабақта алған білімдерін бекіту және қолдану.
1)Кестеге түрік авторларын және олардың шығармаларын жаз.
Авторлары
Ахмед Факих |
Шығармалары
«Тағдыр кітабы» |
Шейад Хамза | «Жүсіп пен Зылиха» |
Ашик паша | «Қуғындалушының кітабы» |
Низами Гәнжауи | Бес дастан («Құпия қазына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама») |
Лютфи Такади | Философия, математика, астрономияны дамытқан |
Пири Реис географ | 1513ж. Дж. картасын, 1523ж. «Бахрийе» теңіз атласын жасаған. |
?????????????????? | «Оғызнама», «Китаб Дәдәм Коркуд», «Көрұғлы» шығармалары. |
2) «Кім жылдам?» Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап бер.
-Осман империясы деп неге аталды?
-Түрік осман империясы қашан құрылды?
-Византия империясы қашан құлады?
-Осман империясында феодалдық қатынастар қандай болды?
-Түрік эпостарын атаңдар.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме беремін.
№ | Оқушылард. аты -жөні | Не білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді? |
- Үй тапсырмасын беру.
Орта ғасырлардағы Түркия. 128- 132 беттер аралығын түсініп оқу.
Түрік мәдениетінің дамуы кестесін толтыру.
Түрік әдебиеті | Ғылым мен білімі | Архитектура мен өнер |
Метки: қазақ тілінде сабақ, сабақты көшіру, Сабақтың тақырыбы: «§30 Орта ғасырлардағы Түркия»