Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Магзум Инкар

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Қазақ елінің ұрпақтарына еліміздің тәуелсіз ел атанғанғалы 24 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді таныстырып,білімдерін шыңдау. Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз   үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»

Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

А)Психологиялық ахуал туғызу.

Балалар шеңбер жасап отырады Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған   балаларға әр түрлі заттарды   қыстырып қояды. (гул, орамал, көзілдірік т.с.с) Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? –деп сұрайды. Ең зейінді балаға тәуелсіздік мерекесіне орай сыйлық беріледі.

Ә)Мағынаны тану.

             Тәуелсіздік монументі

Айы туып,жұлдыз күні жанған ел,

Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.

Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,

Мұндай ұлы монументті салған ел.

 

Қорамсаққа қолды салсаң –үш жебе,

Қазағымның тұтастығын қорғайтын.

Жан-жағынан жақсылары қалыспай,

Хан болған ғой азаматым арыстай.

 

 

Алтын адам –ата –бабам көзі бұл,

Қанаттанып жауға шапқан барыстай.

Келешекке құс боп қанат қақты Адам,

Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!

Тәуелсіздік монументі алдында

Қазақ болып туғаныма мақтанам!

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.

Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.

2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.

14-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.

15-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

Ой-толғаныс.

Оқушылар өз шығармашылықтарынан өз өлең-жырларын оқиды

Арайлымның шығармашылығынан:

Отаным-жүрегім сен,

Күш алам өзіңнен мен.

Жаралғам топырағыңнан

Нәр алғам бұлағыңнан

Сен үшін күресемін,

Аялап құшақтасып

Өтермін өзіңменен

Алпамыстың шығармашылығынан:Әнұраным-айбыным,

Қымбатсың маған

Бар шыным.

Естігенде жүрегім

Тебіренер бұлқынып.

Шырқалшы әнім

Мәңгілік !

Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.

«Отанды сүю от басынан басталады»       «Туған жер тұғырың» «Отан оттан да ыстық»т.б.

Тәрбие сағатын қорытындылау.

Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

 

1991 жыл

Қазақ елі тарихында 91 жыл,

Естен кетпес оқиғалар куәсі бұл.

Тамыз айы қуаныш сыйлап халыққа,

Семей ядролық полигоны жабылды тұл.

 

Қыркүйекте компартия тарады,

Әлем көкке көзін тігіп қарады.

Әубәкіров Тоқтардай қазақ жігіті,

Қазан айы Ғарышқа зымырап барады.

 

 

Желтоқсанның ызғарына қарамай,

Ағылды халық,сайлауға дауыс беруге.

Лайық болар Елбасын таңдап алуға,

Қазақ деген қаһарман елдің төріне.

 

Енді, қазақ Нұрсұлтандай ұлыменен     мақтанды.

Ант беріліп, таққа отыру рәсімі басталды.

КСРО деген бұрынғы атау өзгеріп,

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ                                   деп аталды.

 

 

Алматыда ТМД елдері бас қосты,

«Одақ» сөзі «Достастықпен» алмасты.

КСРО-ның ыдырауы тарихта,

Саяси ірі оқиға боп жалғасты.

 

Қазақтың Тәуелсіздігін елдер тани бастады,

Түркия елі көштің басын бастады.

91 дің соңына дейін барлығы,

18 ел Тәуелсіздікті қоштады

Leave a Reply

Your email address will not be published.