Сценарий “Тәуелсіздік-тірегі қайсар рухты қазақтың”


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы
Абай атындағы орта мектебінің
тарих және қоғамтану, құқық негіздері пәнінің мұғалімі

Далеуова Зауреш Асауовна

Мақсаты: Бостандық үшін күрес жалында қан да, жас та, тер де төгілген желтоқсан көтеріліснің құрбандарын үлгі өнеге ете отырып, туған елінің баласына белсенді араласуына міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу; оқушының туған жеріне деген олжандылық сезімін қалыптастыру; танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

 

Көркемділігі: Тәуелсіздік күніне арнайы шығарылған қабырға газеті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рәміздер туралы айтқан сөздері, ерлік, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, үнтаспа, музыкалық аспаптар, буклеттер.

Барысы:

 

– Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі жылдың желтоқсанына арналған оқушылардың дайындаған «Тәуелсіздік – тірегі қайсар рухты қазақтың!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алу.

 

  1. – жүргізуші. Армысыздар, ағалар!
  2. – жүргізуші. Ағадан біз үлгі алар!
  3. – жүргізуші. Армысыздар, аналар!
  4. – жүргізуші. Сіздерден шыққан даналар!
  5. – жүргізуші. Еркіндік ежелден ақ ел тілегі!

Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.

Еркіндіктің қадірін білетін ел,

Жалынды жастарымен желпінеді,

Елдіктің ұран еткен ұлың мен ем,

Жеткізетін тарихты тіліменен.

Еркіндікке жетпеген оңайлықпен,

Сан қырлы қазағымның сырын төгем.

  1. – жүргізуші. Кең байтақ, ұланғасыр Қазақстан,

Құшағыңа күн сыйған неткен кең ең!

Қиянат жасаса да қара жүрек

Мейіріммен қарап тек күлімдеген.

Қиындық өтті талай себебімен,

Орын алып өмірдің өзегінен.

Қалай жетті қолымыз білу үшін,

Сусындаймыз тарихтың тереңінен.

         «Баяндама» оқитын тарих пәнінің мұғалімі Дәлеуова Зәуреш апай!

  1. – жүргізуші. Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі.

 

  1. – жүргізуші. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.

Мәнерлеп оқу. «Тәуелсіздік жолында» Оқитын:   Айсауытова Арайлым.

 

  1. – жүргізуші. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылады, Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

 

  1. – жүргізуші. Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшының,

Соққыға мұндай қасапқа қалай жан шыдар?!

Жастарға шашқан мұзды судан мұз шашылар,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Ән: «Еләм менің» орындайтын Әкімбаев Асылжан.

 

  1. – жүргізуші. Желтоқсанда

Алматыда, ақ қарда

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жатқан.

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Би. билейтіндер: 8-сынып қыздары.

 

  1. – жүргізуші. Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейкесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын – 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жас жайбарат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

                         Сахнада: Көрініс «Желтоқсан оқиғасы».

 

  1. – жүргізуші. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп

шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын жас Қайратым, жас өркені халқымның.

Көрініс: «Желтоқсан жаңғырығы»

 

  1. – жүргізуші. Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң сәлем айт.

Елдегі құрбы досыма, – деп мұңая жырлаған албырт жас

Қайрат Рұсқұлбеков ел Жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үмітпен күдік наланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сабира

Құрбаны болған жалған қойған жаланың.

Мәнерлеп оқу. «Желтоқсан желі»   Мақсотов Б.

 

  1. – жүргізуші. Азат рухын риясыз мен сүйем,

Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием.

Жақсы күнге жете алмай шейіт болған,

Желтоқсан құрбанына басымды ием.

               Ән. «Қазақ жігіттері» Орындайтын: Жангелдин Алмат.

 

  1. – жүргізуші. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

 

  1. – жүргізуші. Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік – жойылуы азаптың!

Биіктей бер, асқатап жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақ күн!

                 Ән. «Ән сал сарбаз» Орындайтындар:   Гүлжанат пен Әсемгүл.

 

  1. – жүргізуші. Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным алды жаулап ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріне келіп ілінді.

Мәнерлеп оқу: «Желтоқсан» оқитын Жангелдин А.

 

Жүргізушілер: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат – ел деп алғыс сауатты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

 

Құтты болсын мерекең,

Құтты болсынберекең.

Құтты болсын айтады,

Ақ әже бізге кен екен.

 

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Метки: , , , , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *