Мақала “Нұрсұлтан Назарбаев- әлемдік тұғырдағы дара тұлға”


Отаралы  Жұмасұлу  Сәдуқызы –

Бейнеу  политехникалық  колледжінің  

тарих  пәнінің  жоғары  санатты  мұғалімі

 Байлығымен елінің жайлылығымен ерекшеленген кең байтақ даланы мекендеген ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама қалалар мәдени орталықтар қиратылды, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап халық қашанда еңсесін көтеріп, ел болып дамитын. Ата- бабамыз осындай ұланғайыр жерді ақ найзасының ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етті. Дархан далаға назарын салғандар да, үлесін алғандар да найзасын безеп шабынғандар да, таңдай қағып табынғандар да болды. Азулылар айқаса кетіп айлалылар арманына жетіп, еліміз бодандық бұғауына тұншықты. Еркіндік елеске азаттық келмеске кетті.

Тар қапастан торыққан тұтас бір елге тағдыр тосын сый жасады.

Ұлы жартушының шешімі әділ болды. Тілі мен діні, ділі мен мінезі уақыттың қатерлі тұсына келген, енді аттаса, заман жарқабағынан құлау қарсаңында –мүлдем жойылу, тарих аренасынан сызылып кету қаупі алдында тұрған қазақ халқына жиырмасыншы ғасырдың соңы ерекше тағдыр сыйлады. Ғасырлар бойы «аттың жалы, түйенің қомында жүріп» дербес ел болуды көксеген кемеңгер ойлы, кесек тұлғалы көсемдеріміз бен шешендеріміздің рухы бір-бір аунап, қазақтың ұлан байтақ даласына Тәуелсіздік дейтін қыран кескінді, алтын қанатты киелі құс келіп қонды. Осындай ауыр кезеңде, осы бір жүгі мен жауапкершілігі зіл батпандай ауыр міндетті атқару үшін тағдыр бізге Н.Ә. Назарбаевтай кемел ойлы кемеңгер ерді берді.

Егемендіктің есігіне еркін еніп, тәуелсіздіңктің саф ауасымен кеуде кере тыныстайтын ғажайып күнді жасампаз көшбасшы Н.Ә. Назарбаев әкелді.       Н.Ә. Назарбаев ұлттың тәлім бесігінде тербелген дәстүр салтын –меңгерген, халқының табиғатына сай мінезбен тамырланған кісілігі мен кішілігі үндескен елжанды азамат.  Көкірегі- білім қайнары, санасы-саясат бағдары Назарбаев- әлемді мойындатқан кемеңгер саясаткер.

Қазақ елінің тәуелсіздігінің тағдырын, барлық ауыртпаршылығы мен ұлы жауапкершілігін өз жауапкершілігіне алған Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев өз халқының талабына сай қызмет етіп, аз ғана уақыт ішінде Қазақстан мемлекетінің абыройын әлем алдына асқақтатты.

Ел тағдыры сынға түскен осы бір қилы заманда Елбасындай дана, көреген адам ел тізгінін қолына алмаған болса,қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мүлде басқаша болуы да ғажап емес еді. Аюдай айбатты Ресеймен аждаһардай айбарлы Қытаймен, басқа да елдермен тең дәрежеде қарым қатынас орнату, мемлекетіміздің мәртебесін бүкіл дүние жүзіне мойындату ата бабаларымыздан бері армандап келе жатқан ұлы мұратымыз болса, сол- мұратымызға жеткізген Н.Ә.Назарбаев.

«Бөлінгенді бөрі жейді» дейтін халықтық қағиданы қатты ұстаған еліміздің басшысы бұрынғы одақтас республикалар арасындағы, әсіресе Ресеймен Қазақстан арасындағы сауда- саттық, тауар айналымы және басқа экономикалық қарым -қатынастың үзіліп қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастырып, дамытушы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің, бәсекеге қабілеттіліктің, көркеюдің озық тұжырымдамаларын дүниеге әкелді. Оның тұжырымдамаларының басты ерекшелігі – қоғамның ұзақ мерзімді тұрақтылығы, нарықтық экономика, әлеуметтік әділеттілік және заң үстемдігі негізінде ел егемендігін нығайту. Қазақстанда Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік басқарудың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды. Елбасы тәуекелге бел буды. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жаҺандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды бағыт бағдары, оны интеграцияны тереңдетудегі бастамалары ЕурАзЭк, кеден одағы Азиядағы өзара іс -қимыл және сенім шаралары кеңесі,Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында табысты жүзеге асырылды, әлі де жалғасын табуда. Мұның бәрі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылы Қазақстан елі Азия барысына айналады деген стратегиялық жоспарының арқасы.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі біздің еліміздің интеграция жолындағы маңызды қадамы болды.

Елбасы Ұлытау төңірегіндегі сұхбатында ел экономикасына қатысты өте маңызды жайттарды қозғай келе «Экономика өсіп өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді» деп ел экономикасы тұрақты даму жолына түскеннен кейін Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын ұсынды. Елбасымыздың кемел көрегендігін оның киелі Ұлытау жерінде тек Қазақстанның тағдырын емес, дүние жүзі мемлекеттерінің тағдырын ойлап жоспарлауынан көруге болады.

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *