Сынып сағаты «Тәуелсіздіктің шежіресі»


Текенева Самал Кадыргалиевна

Математика пәнінің мұғалімі

КММ “Белоусовская орта мектебі”

Белоусовка а. Глубоковский ауданы

Презентацияны көшіру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынана өткен қиыншылықтарын айта отырып, олардың бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін дарыту. Отанды сүюге, қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ өсіру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алаш көтерген әйгілі 86- жылдың желтоқсаныныа арналған «Тәуелсіздіктің шежіресі» атты ашық тәрбие сағатын өткізбекшіміз. Ешбір қазақ азаматы бұл оқиғаны ұмытпауы тиіс.

Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті

Олар көксеген арманға жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгін өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.

1 жүргізуші: (идут слайды, на фоне кюя)

Тәуесіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас –талқан болып өлгені.

Тәуелсіздік ата-баба арманы,

Қанадай елмін бүгін, міне, көр мені!

2 жүргізуші:

Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный, средь земель и стран

Родной мой, лучезарный Казахстан!

Казахстан – это имя страны,

Казахстан – это имя весны,

Казахстан – это солнечный свет,

Казахстан – это крылья побед!

1 жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлтты республика. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің теңдігі Қазақстан Республикасының Ата Заңында баян етілген.

2 жүргізуші:

Казахи мы и русские, карелы и корейцы

Мы черные, и русые, и смуглые, и белые.

В Казахстане –

на земле родной

Живем мы все

большой и дружной семьей.

Оқушы: Өзіңдікі Елің де,                   Зайнолдабеков С

өзіңдікі жерің де

өзіңдікі еткен Бақ –

Тәуелсіздік төрінде!

өзіңдікі – Туың да,

От пен Ауа, Суың да

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Асқар тау да сенікі,

Бақша – бау да сенікі

Қалтқысыз Доспенен

Қатал Жау да сенікі

Ұраның да жасасын!

Қыраның да жасасын!

Қасиет – ие дарынын

Ұланың да жасасын!

1 жүргізуші:(идут слайды)

Еліміз нарықтық экономика жолымен дамуда. Осы жетістіктер ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асты.

1991 16-шы желтоқсанда «ҚР-ның Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолына заңды түрде өтті деп есептелінді.

Елбасымыз 1995 жылғы қыркүйектің он бесінде «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Заңына қол қойды. 7 мамыр айында 1998 жылы Акмола – Астана деп аталды.

2 жүргізуші:

16 декабря 1991 года была утверждена государственная независимость Республики Казахстан, а 4 июня 1992 года Парламентом Республики Казахстан были приняты государственные символы: флаг, герб, гимн.

1 жүргізуші:

Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы – үлкен үй дегенді білдіреді. «Осы үлкен үй барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді, ортақ босаға берік болсын» – дегені

Оқушы: Маратова Б.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығыңдай көңілдің

Ортада, аспан әлемі

Құт, береке – шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай – талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам

Оқушының орындауында ән «Неткен өмір» Тұрсынханов Тілек

1 жүргізуші:

Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында алаңға жастар жиналды. Олар «Тәуелсіздік керек!» деген тілек білдірді.

2 жүргізуші:

Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Олардың арасында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова , Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжановалар болды.

Көрініс:

Қатысушылар: Қайрат, Тергеуші,Милиция қызметкері, Апасы.

Тергеуші: Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?

Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. Қазақ қыздарына араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын!

(Қайратты ұрып-соға бастайды)

Апа, апа-оу естимісің? Мен жазықсызбын апа! ( осы кезде апасының дауысы естіледі)

Апасы: Қарашығым, қайран балам-ай

Құлыншағым, жаным-ай

Құлағыма келеді

Алыстан айтқан зарың-ай

Қайрат:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асып, атқаны,

Маған ауыр осылардың бәрінен өз аулымның иттері үріп, қапқаны.

Милиция қызметкері: Сен өлтірген! Мойыңа ал! Ұстаңдар бұзақыны! әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Қайрат:

«Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?!

Ортам надан болған соң,

Қайда барып оңайын?»

Қасқалдақтай қаным бар,

21-де жасым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең – атыңдар!

2 жүргізуші: Год 1987. Май. Семипалатинск. При невыясненных обстоятельствах в камере тюрьмы погиб Кайрат Рыскулбеков. Правительством Республики Казахстан Кайрату Рыскулбекову посмертно было присвоено почетное звание « Халық Қаһарманы»

Прошу всех память Кайрата Рыскулбекова, Ляззат Асановой, Ербола Сыпатаева, Сабиры Мухамеджановой почтить минутой молчания. (все встают) Прошу садиться

1 жүргізуші: Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз өмірі өз қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды.

Оқушы: Аңғал-саңғал жабусыз,

Ағыл – тегіл, көл – көсір

Қазақ осы:

«Өнер алды – тіл» дейтін

Қазақ осы:

Ашық жарқын қабағы

Қонақ келсе, шабылып бір қалады

Байқа да тұр саған да ол кетерде

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады

 

Оқушылар хормен «Қазақстан» әнді орындайды

Мұғалім: Осымен қымбатты қонақтар, ұстаздар және оқушылар, Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігінің 17 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты ауызша журналымызды аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *