Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат (сценарий түрінде)

Молдакадырова Роза Орынбасаровна
Ақтау қаласы, №2 орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.

 

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі», «Тарих қиянатты кешірмейді», «Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы», «Қанды желтоқсан, жанымызда» т.б. тақырыптарына жинақталған суреттер, қанатты сөздер, слайдтар, кітаптар, буклеттер.

 

                                             Барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құралды.

 

1-жүргізуші:           Ассалаумағалейкүм, халқым менің

                                   Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

                                   Мереке басы болсын берекенің,

                                   Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

 

Отанымыз Қазақстан – ата-бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, өніп өскен жері.

 

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.

Қазақстан ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жарқырап тұр. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылған қазақ даласында ынтымақтастық атты туды биікке көтеріп өзге ұлт өкілдері де мекендейді.

Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Туған жеріміз Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.

1-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы,

Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

                                   Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                                   Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

                                   Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                                   Айта бергім келеді, айта бергім..

 

2-жүргізуші: Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған –бұл 1986жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да айтпақпыз.

1986 жылы 16-желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

 

                                    Әр дәуірдің еркіне сай

                                     Нарқы өзгерген алтынның.

                                     Айналайын, алтын әнім,

                                     Жас өркені халқымның.

                                    Желтоқсанда шындық жырын

                                     Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

                                     Желтоқсанда егеменді

                                     Ел болсақ деп талпындың.

 

1-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 27 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков.

 

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

                                 Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

                                 Қаралы өмір қайыстырған халқымның

                                Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

                                 Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

                                 Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

                                 Жасықсыздың көз жасына жуынып,

                                 Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

 

1-оқушы:             Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

                               Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін.

                               Ерлерім елдік үшін атой салып,

                               Еншілерін қайтарған бәйгілі күн.

 

2-оқушы:             Желтоқсан – тағдырларға азалы күн,

                               Қайраған намыстарын мазалы мұң.

                               Қыршынынан қиылған боздақтары

                              Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

 

3-оқушы:             Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн.

                               Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

                               Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

                              Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

 

4-оқушы:             Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

                               Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

                               Еркіндік, егемендік, елдігімді

                              Емірене аңсады саналы ұғым.

5-оқушы:               Тарихым жатыр тасымда

                                 Тіл қатып келер ғасырға.

                                 Азаттық деген ұғымның

                                 Желтоқсан тұрар басында!

 

Көрініс «Тарих өкілдері»

Немересі: Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай?

Әжесі: Е, балам, атаң, ата – бабаң не көрмеді дейсің?

1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұщырауы…

1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәуба! Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Егеменді ел болудың белгісі –

                                 Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

                                 Егеменді деген сөзден естілер

                                 Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым. Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар.

 

6-оқушы:                 Атыңнан айналайын қазақ деген,

                                   Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

                                   Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

                                   Көрсең де көреріңді азаппенен.

 

7-оқушы:                        Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

                                         Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

                                        Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

                                         Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

 

1-жүргізуші: Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 130-дан астам ұлт өкілдерін бірлікпен басқарып отыр. Бұл халықтар бір шаңырақ астында, бейбіт, тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатыр. Міне, сол тәуелсіздікке 23 жыл толып отыр. Бұл «мың өліп мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы еді.

 

2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 24 жылдығы дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Осы жетістіктерге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Біз өткен 24 жыл ішінде қандай межеге жеттік, жеткен жетістігіміз қандай?

24 жыл ішінде жеткен жетістіктерді ұрпақ жадысында, есіне қалдырып, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен саласын дәріптеу біздің қолымызда.

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні-қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе.

 

2-жүргізуші: Міне, осы Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды азаматтарымыздың арқасынды егеменді ел болуға қол жеткізді.

 

1-жүргізуші: Осымен Тәуелсіздікдік мерекесіне арнаналған « Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан!»атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп көптен-көп рахмет!

Сау болыңыздар!

Leave a Reply

Your email address will not be published.