“Менің Отаным – Қазақстан”- сыныптан тыс сағаты


Молдыбаева Күлбан  Карыбайқызы

Мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы,

«Фурманов орта мектебі»ККМ

Мақсаттары:оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу және қалыптасуына қолдау жасау; туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін  арттыру;

Міндеттері: патриоттық сезімін ояту ; оқушылардың дүниетанымын,

Атамекен тарихына қызушылық арттыру; эмоциональдық  жағдай тудыру;

оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту; өз Отанына, туған жеріне сүйіспеншілігін дамыту; үлкендерді сыйлау, халқымыздың таланты ақындарының өлеңдері мен ата бабаларымыздың  өнеге  етіп  қалдырған  даналық сөздері  арқылы тәрбиелеу

Құралы:ноубук ;әнұранының жазылуы; рефлексия кезеңі үшін көк жіп және қима жапырақтар;Отан туралы кітаптар көрмесі;

                   Сынып сағатының барысы

– Балалар, бүгін біз әр қайсымызға маңызды, ерекше сынып сағатын өткізгелі отырмыз.   

  1. “ Отан- қадірлі сөз”

– Бүгінгі тақырып атауы қазір еститін өлеңмен байланысты. Тыңдаңдар.        (Әнұран ойналады. Оқушылар салтанатты тұрып, бірге қосылып әндетеді.)

– Қандай өлең тыңдадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұраны. Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнін Шәмші Қалдаяқов жазды.

– Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады ?
– Қазақстан Республикасы
– Қазақстан жері қандай?
– Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай

– Қазақстан Республикасының Президенті кім?

 Елбасы сендерге «Менің Отаным-Қазақстан»  кітабында құттықтау сөзін жазыпты, тыңдаңдар.

  1. Кітап мазмұнына шолу жасау. 7  минут

Отан деген не?         (топтастыру)

 

(Балалардың пікірлері)

– Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Отан- бұл менің  Мағжан Жұмабаев  ауданым, Солтүстік Қазақстан облысы,  менің Астанам.

– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

  1. «Ой қозғау»      (Туған жер табиғаты , кітаптар көрм

есі көрсетіледі.)

                        (Оқулықтағы 48 беттегі «Туған жер табиғаты»  ашылады.)

– Осы суреттерді қандай жалпы бір сөзбен атауға болады?

– “Отан деп атауға бола ма?      (Балалардың пікірлері)

– Енді ақындар өлең арқылы өз сезімін қалай білдіретін байқайық?

– Тыңдаңдар.      (Дайындалған 4 оқушы оқиды)

Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата – анамды,
Мені өсірген елімді.

Отан деген – Атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.

Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас – кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз
.

                ( Оқулықтағы 10 бет. Қазақстан картасына көңіл аудару)

– Еліміздің астанасы қай қала?  ( Астана қаласын тауып көрсету)

– Ал, сендер Қазақстанның қай облысында тұрасыңдар?

– Дұрыс, біздің кіші Отанымыз -Петропавл қаласы . ( Петропавл қаласын тауып көрсету

  1. «Нақыл сөз»

– Кең – байтақ жерімізді тағы қандай сөздермен атауға болады?

      (Отан, ел, Қазақстан, Қазақстан Республикасы, мемлекет, атамекен, …)

Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:

( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)

Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

         Сұрақ – жауап  « Отан туралы не білдіңдер?»

– Туған жеріңнің дәрежесі қандай болуы керек?

– Отаныңа, еліңе, жеріңе қандай адам болуың керек?

– Осы нақыл сөздерден қандай мақал- мәтелді естідіңдер?

  1.  “Қазақстанды білесің бе?” ойыны
  2. Қазақ хандығы құрылғанына неше жыл?
  3. Көшпелі қазақ  халқының тұрғын үйі ?
  4. Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы ?
  5. Туған жерін, елін жақсы көретін адам ?   (Патриот)

Патриот – өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел  мүддесі  жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға  кеңпейілділікпен қарайтын адам; өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.

Біздің бақытты, ашық аспан аясында рахат өмір сүру үшін, өз жанын құрбан қылған батыр ата- апаларымызды еске түсірейік.

  1.  Суреттермен жұмыс ( Оқулықтың 68 бетін ашыңдар.)

Мазмұнын ашу

Хормен айтып шығу.)

Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымызды қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық  деп айтым келеді .

  1. “ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Сендер тұрып жатқан Солтүстік Қазақстан жері  қандай  ағашпен бай ?

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге ақ қайын ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді?

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  сурет салу арқылы  айтыңдар.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

  1.      Қортынды. Біздің сынып сағатымыз аяқталды. Бәріңе сәттілік және тілеген армандарың орындалады деп ойлаймын.
Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *