Мақала “Тәуелсіздік басымызға қонған бақыт құсы”

Изтаева Айжан Қалдыбекқызы

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің өңдірістік оқыту шебері

Қазақстан – бүгін, міне, достықтын туын тіккен жер. Мәуелі бақтай жемісін шашып ұлыстар, бір кісідей маңдай терін төккен жер.

Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздін тарихымыз, Құдайға шүкір, жетерлік. Тарихтың, әлбетте, еске куанышпен алатын тұстары да, өкінішпен қайғыратын кездері де болады. Тәуелсіздігіміздің тарих бетіне алтын әріптермен жазылғанына да біршама жылдар легі өтті. Биыл тәуелсіздік алып, егеменді ел атанғанымызға 20 жыл толып отыр, соған байланысты колледжімізде 20 түрлі іс – шаралар өткізілуде.

Қазақстан – өзенім, көлім,

Қазақстан – кең байтақ жерім.

Қазақстан – еңселі елім,

Қазақстан – Республикам менің.

Тәуелсіздігіміз үшін мерт болған батыр ұл – қыздарын халық мақтаныш етіп, олардын ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуде. Олардың алдында парызын ұмытпай, мектептер мен көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға есімдерін беруде.

Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымыздың ерлік дастаны заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зардаптарын бастан кешті.

Соғыс – зұлымдық, жазықсыз төгілген қан. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ұлы Отан соғысы еді. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағытталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемділік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Соғыстың алғашқы күндері алдын – ала дайындалған жау ұшақтары мен танкілері, әскерлері кеңес елінің жеріне өтіп жатты. Фашистердің жоспары іске аспады. Кеңес жауынгерлері әрбір шаршы жер үшін қасық қандары қалғанша шайқасады. Ерекше ұйымшылдық пен өз Отанын қорғады. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген бірде – бір отбасы болмады… Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Ішінде ақын да, әнші де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде әттең, дариға – ай, қанша Абай, қанша Сәкен кетті екен…

Тарихқа қөз жүгіртсек, нағыз батыр халық екенін мойындайсың жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата – бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Олар – елі мен жері және ана тілі. Қандай халық болсын, осы үшуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

Ал, енді біз 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаларға тоқталайық. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, ұлтшылдар» деген кінә тағылды.

Көптеген студент жастар оқу орнынан шығарылды, тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова және тағы басқа қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болады. Өмір – өзең толқындары бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын аластатып әкетіп бара жатса да, жүректерді мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар.

Ол дүниені дүр сілкіндірген сол күндерге куә қазақ жастарының рухына, ерлігіне деген тағзым мен құрмет.

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен оқушыларға ұлттық рәміздерді түсіндіру,болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті. Ендеше, оқушыларды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуде оның мән – мағынасын түсіндіруіміз қажет. Ондағы мақсатымыз – әрбір баланың бойындағы өзінің Отанына деген, өз елінің рәміздеріне деген құрмет сезімін ояту. Ия, Отанның өзі осы желбіреген көк тудан, елтаңбадан, әнұраннан басталады екен. Бір мезетте бүкіл еліміздің жастары орындаған Әнұран біздің мектептерде де шырқалады. Біздің бүгінгі елтаңбамыз ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, еліміздің қанатты тұлпардай ұшқырлығын дәлелдеп келеді. Мемлекеттік рәміздер – біздің мақтанышымыз. Отанға, туған ел, қасиетті жерге деген сүйіспеншілік,намыс пен жігер,сезімнің қалыптасуына да дәл осы ұлттық рәміздердің әсері мол екендігін сенімдімін. Ту, елтаңба, әнұран әлемдегі әрбір мемлекеттің рәміздері болып табылады. Олар өзіндік түстері мен мазмұны жағынан ерекшеленіп отырады.

Жоғарыда айтқандай өрендерді тәрбиелеу үшін өзіміз бірінші кезекте туған елімізді, тілімізді, ұлтымызды сүйе білуіміз парыз. Сол білгенімізді ерінбей-жалықпай өскелең ұрпаққа үйрете, жеткізе білуіміз керек. Сонда ғана біздің сүйікті Қазақстанымыз, туған Отанымыз биіктен биікке самғап, шарықтай бермек.

БАТЫРЛАРДЫҢ ҚАНЫМЕНЕН АЛҒАН ЖЕР,

ТАУ – ТАСЫНА ЕЛТАҢБАСЫН САЛҒАН ЖЕР.

БЕЙБІТ ӨМІР КЕШЕСІН СЕН БІЗ БАРДА

БАБАЛАРДАН АМАНАТҚА ҚАЛҒАН ЖЕР.

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.