Қазақ тілі сабағы Қазақстан. Грамматикалық тақырып: “Етістік””
Оксана Сейсенбаева
Петропавл қаласындағы №19 Бастауыш
Мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан. Грамматикалық тақырып:Етістік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушыларды қазақша сөйлету,қазақ тілінен білім деңгейін арттыру,сауатты жазуға және сауатты сөйлеуге дағдыландыру,сөздік қорын кеңейту,сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
2.Тәрбиелік.Отанға, елге,жерге деген сүйіспеншілігін ,құрметін арттыру.
3.Дамытулық.Дұрыс оқу,сауатты жазу дағдыларын жетілдіріп,дамыту.
Cабақтың түрі – жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,Қазақстанның картасы,суреттер,сызбалар. .(Тақтада Қазақстан Республикасы тақырыбына байланысты Астана қаласының суреті,Қазақстанның картасы және табиғат суреттері ілулі тұрады. )
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін кім кезекші?Сабаққа барлық оқушылар қатысып отыр ма?
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
-Дәптерлеріңді ашып үй жұмысын қайталап алыңдар.Қолымызды көтереміз.
3.Жаңа сабақ :
–Балалар біздің бүгінгі өтетеін тақырыбымыз «Қазақстан» деп аталады.Қазақстан –тәуелсіз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанның астанасы –Астана қаласы.Қазақстанның туы,елтаңбасы,әнұраны,теңгесі бар.Қазақстанның мемлекеттік тілі -қазақ тілі.Балалар біз өз елімізді ,тілімізді,отанымызды құрметтеуіміз,сүюіміз керек.Себебі біз Қазақстанда туып өстік,білім аламыз,өмір сүреміз.Біздің туыстарымыз,достарымыз осы елде тұрады.Бір сөзбен айтқанда Қазақстан біздің ортақ үйіміз!
1-тапсырма.Суретке қара.Оқы
1.Менің елім Қазақстан тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
-Балалар енді мына суретке қарап өз ойларыңды айтыңдар.
-Біздің отанымыз- Қазақстан Республикасы.
-Қазақстанның жері кең әрі бай,табиғаты әдемі!.
-Еліміздің астанасы Астана қаласы.
-Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
-Қазақстанда көп ұлт өкілдері өмір сүреді.
-Әр халық Қазақстанды өз отаным деп атайды,оның заңдарына бағынады және тату тәтті өмір сүреді.
-Өте жақсы!
2.Сурет бойынша сұрақ қою . Жазылым.Тақта алдында жұмыс жасау.
-Балалар,біз қай елде өмір сүреміз?
-Біз Қазақстан Республикасында өмір сүреміз.
-Еліміздің табиғаты қандай?
-Еліміздің табиғаты әдемі.
-Президентіміз кім?Бас қаламыз қалай аталады?
-Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев.Бас қаламыз Астана қаласы.
-Жақсы балалар!Енді дәптерімізге Қазақстан жайлы мәліметтер жазайық.
Тақтаға балалар кезекпен шығып Қазақстан туралы сөйлемдер жазады,оны оқып шығады және дәптерге жазады.
2-тапсырма.Оқы.Үлгі бойынша сөйлес.
Оқушылар кезекпен диалогты оқиды.Аудармасын айтып отырады.
-Сен қайда тұрасың? Где ты живеш?
-Мен Қазақстанда тұрамын. Я живу в Казахстане.
-Қазақстанның жері қандай? Какая земля Казахстана?
-Қазақстанның жері үлкен. Земля Казахстана большая.
-Жақсы ,балалар!
3-тапсырма.Кесте бойынша оқы.Тақтамен жұмыс.Кесте тақтаға жазылады,жалғаулардың асты сызылады.Дәптерге жазу.
жері
Қазақстанның астанасы
президенті
-Балалар,қараңдаршы жер Қазақстанға меншік болып тұр (Ребята,здесь земля принадлежит Казахстану поэтому к слову Қазақстан мы соединяем окончание -ның то есть окончание Родительного падежа (Ілік септік),а к слову жер окончание –і который является окончанием III –лица( III –ж. жалғауы) ).
Қазақстанның –ның ілік септігінің жалғауы, астанасы –сы тәуелдік жалғауының III-жағы;
Қазақстанның –ның і.с.жалғауы,президенті –і т.ж.III-жағы.
4-тапсырма. Айтылым.Үлгі бойынша сөйлеу.Әр оқушыға жеке жеке көңіл бөлу.Оқулықтағы кесте бойынша жұмыс.
-Балалар, мына кестеге қарап сөйлем құраймыз.Жаңа айтылған мәліметті қолдана отырамыз.
ҚАЗАҚСТАН
/ \ \ жер
Астана \
президент \ үлкен
/ Астана
Нұрсұлтан Назарбаев қаласы
Қол көтеріп құрастырған сөйлемдерін айту.
1 – оқушы: -Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
2 – оқушы: -Қазақстанның астанасы Астана қаласы.
3 – оқушы: -Қазақстанның жері үлкен.
-Жақсы балалар!
Енді біз сендермен ЕСТЕ САҚТА! Деген көгілдір түсті тапсырмаға назар аударайық!
елбасы(Глава государства)
/
ЕЛ \ СТРАНА
елорда (столица)
Қазақстанның Президенті –Қазақстанның елбасы
Қазақстанның астанасы-Қазақстанның елордасы.
-Балалар, есте сақтап жүріңдер!Елбасымыз- Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның елордасы-Астана қаласы.
Жақсы,балалар!
5-тапсырма. Оқылым.Оқушылар өз парталастарымен жұмыс жасайды.Мәтінді оқушылар кезекпен оқиды.Аударады.
Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстанның жері үлкен.
Қазақстанның елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.Астана – әдемі қала.
Я живу в Казахстане.Земля Казахстана большая.
Глава нашей страны -Нурсултан Назарбаев.
Главный город нашей страны-город Астана.Астана-красивый город.
-Жарайсыңдар, балалар!
Етістікті түсіндіру.Тақтамен жұмыс .Дәптерге жаздыру.
-Балалар,Давайте вспомним часть речи глагол и на какие вопросы отвечает ?
-Глагол это часть речи которая обозначает действие предмета или лица,отвечает на вопросы что делать ?что сделать?
-Иә,дұрыс.Қазақ тілінде глагол сөзі Етістік болып аударылады ,ал сұрақтары не істеді?қайтті?.
Мысалы : не істеді ? ойланды, тамақ ішті,жүгірді,биледі,оқыды.(подумал,ел,бегал,танцевал,прочитал.)
-Дәптерге мысалдарды жазып алайық..
Тағы балалар өз бетінше сөйлем құрастырады,дәптерге жазады.М:Мен мәтін оқимын.Біз Қазақстанда тұрамыз.Күз келді.
Жақсы балалар!
5.Үйге тапсырма.
Жазылым. Үй жұмысына дайындық жасау.
-Балалар, енді күнделіктеріңді алып, үй жұмысын жазып алыңдар.Оқулықтың 41-бетіндегі № 6 тапсырманы орындап келіңдер.Тапсырмада сұрақтар қойылған.Сол сұрақтың біріншісіне жауап тауып көрейік.
Сен қайдай тұрасың?Где ты живешь ?
Мен Қазақстанда тұрамын.Я живу в Казахстане.
Міне балалар осындай жауап болуы тиіс.
6.Қорытынды.Жаңа сабақты бекіту,пысықтау. Оқушыларды сөйлету.
а)Жаңа сөздерді қайталау.М:Елбасы,елорда,Қазақстанның жері,астанасы,президенті.
ә)Қазақстан туралы мәліметтерді айтқызу.М:Қазақстанда көп ұлттар тұрады.
7.Бағалау. Жақсы жауап берген балаларға бестік деген баға қойылады.Сабаққа орташа қатысып отырғандарға төрт деген баға қойылады.
-Балалар,осымен сабағымыз аяқталды ,сау болыңдар!
Метки: Қазақ тілі сабағы Қазақстан. Грамматикалық тақырып: Етістік""