Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ жоспары “Мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер ұғымы». «Жемістер мен көкөністер». Өсімдіктер әлемі пішінінің әртүрлілігі”


Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер ұғымы». «Жемістер мен көкөністер». Өсімдіктер әлемі пішінінің әртүрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезіл екенін, жемістер мен көкөністердің пісіп, жиын- терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Жоспарланатын нәтиже:

пәндік: Оқушыларға мүсін өнерінің көлемді бейнелеу жұмысының ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

жүйелік-қызметтік: Мүсін сомдау жұмыстары үшін қажетті білімдер мен дағдыларды дамыту; зейін мен бақылау қабілетін дамыту; қолдарының ұсақ моторикасын дамыту;

тұлғалық: Зейін мен ыждағаттылықты қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер,жұмбақтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық тапсырма, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал- жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі материал- жемістер мен көкөністер суреттері, презентация, жұмбақтар.

Оқушылар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Пәнаралық байланыс: еңбек.

Сабақ жүргізу үлгісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі- 2 м.
  2. Үй тапсырмасын тексеру- 1 м.
  3. Жұмбақты шешу-3 м.
  4. Жаңа сабақ-12 м.
  5. Топтық тапсырма-5 м.
  6. Сергіту сәті-3 м.
  7. Топтық жұмыс-15 м.
  8. Қорытындылау-3 м.
  9. Үй тапсырмасы-1 м.
  10. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Қызығушылықтарын ояту.
  11. Үй тапсырмасын тексеру. Сабаққа қажетті құрал- саймандарды түгендеу.
  12. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы болмақ.

Дайынсыңдар ма?

  1. Іші толған шәрбат

Дәмі қандай айбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты…… /жүзім/

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /алма/

  1. Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/

  1. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/

  1. Жер астында темір қазық. /сәбіз/
  2. Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/

Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.

2015-12-11_021132

Сонымен қоса сабағымызды мүсін өнерімен байланыстырамыз. Ең біріншіден мүсін туралы қысқаша мәлімет тындайық. (Презентация)

Мүсін дегеніміз- ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш, металл секілді материалдардан мүсіндеп жасалған көлемді кескін.

Мүсін екі түрге бөлінеді:

Жұмыр мүсін- барлық жағынан көрінетін мүсіндік бейнелеу.

Бедер мүсін- бейне жазықтық бетке орналасады және көлемі жартылай ғана беріледі.

 

Топтық тапсырма: әр топқа тапсырма беріледі.

Оқушылар орындарынан тұрып, екінші топпен арласып отырады. Кімде ағаш жемістері, ағаш суреті бар жерге отырады. Ал бақшада өсетін көкөністер, бақша суреті баржерге отырады.

2015-12-11_021146

1 топ: Жануарлардың сүйсініп жейтін жемістері мен көкөністері.

2 топ: Жеміс пен көкөністердің адам өміріне тигізетін пайдасы мен зияны.

 

 

Сергіту сәті. Бәріміз орынымыздан тұрып би билейік!

Топтық жұмыс: 1 сынып оқушыларына жұмыр мүсінін орындау тапсырылады.

Балаларға мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолдану керектігі айтылады:

Жұмыс барысы:

  • біріншіден керек ермексаздын түсін жұмсарту;
  • Қызанақ- қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз;
  • Қияр- жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
  • Сәбіз- цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын біріутіреміз;
  • Қызылша- күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын бекітеміз.

Ал, 2 сынып оқушыларына бедерлі мүсін жасау тапсырылады.

Жұмыс барысы:

  • Берілген карточкадағы суретке қарап, қандай жеміс пен көкөністің суреті салынғанын мұқият қарау. Ермексаздын көмегімен бедерлі мүсін жасау.

Қорытындылау: бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.

2015-12-11_021158

Үй тапсырмасы: Мүсін өнерін қайталау. Өзін сүйсініп жейтін жемістің және көкөністердің сурет салу.

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *