Сабақ “Сурет бойынша есептер құрастыру”


Екібастұз қаласы

Павлодар облысы

№ 19 арнайы жалпы білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Кенжетаева Гульзираш Маукеновна

 

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың 3 саны көлемінде алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Тәрбиелік мақсаты: Хайуанаттар мен құстарға деген сүйіспеншіліктерін ояту, қамқорлық жасай білуге баулу. Сабақ үстіндегі әдептілікке, тәртіпке баулу.

Түзету: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын байыту. Сурет бойынша дұрыс есептеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, үлестірілмелі суреттер, сандар.

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау)

  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан бәріміз тәртіп сақтап, тыныш отырайық.
  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыстың нешінші айы ?
  • Аптаның нешінші күні?
  • Үй жұмысын тексеру.
  • Жақсы, балалар, сендер барлығы неше сан өттіңдер?(3 сан)
  • Кәне, қайсың 3-ке дейін тура, кері санап бересіңдер?
  • (Оқушылар кезекпен тура, кері санап шығады.)

1.Бұдан соң оқушыларға сандар мен суреттер таратамын, оқушылар санға сәйкес суреттерді тауып қояды. Тапсырманы оқушылардың қалай орындағандарын тексеріп шығамын, қателіктері болса түзетіп, дұрыс орындағандарын мадақтаймын.

  1. – Енді,балалар, қазір біз «Адасқан сандар» ойынын ойнаймыз. (Осы жерде оқушыларға қыс мезгілінің белгілері суық, боран.аяз және жапалақтап жауатын ұлпа қар жайында айтып беремін, сосын балалардың назарын тақтадағы жауып тұрған ұлпа қарларға аударамын. )
  • Балалар, мына жауып тұрған ұлпа қарларды ретімен тура, сосын кері қойып шығу керек.

Оқушылар кезекпен шығып сандарды орналастырады, тура, кері санайды.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, ( екі қолды жоғары көтеріп, тербелу.)

Алдымнан жел еседі.(Қолдарымен желпіну)

Кіп – кішкентай ағаштар, (Отыру)

Біп – биік боп өседі.(орындарынан тұру, көтерілу.)

3 Сәйкес сандарды қой.

1

  1. Жаңа сабақ 1..Суреттер бойынша есептер шығару.

Балалар, бәрің оқулықтағы мына суретке қараңдар. Бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар, бұларды бір сөзбен не деп айтамыз?

Құстар.(Осы жерде оқушыларға құстардың пайдасы жөнінде айтып өтемін.)

Бірінші, екінші, үшінші келе жатқан қай құстар?

Балапан, әтеш, үйрек.(Оқушылар тақтаға ретімен суреттегідей орналастырып шығады тура, кері санайды, әр құстың тұрған орнын анықтайды.)

2.Өздік жұмыс.(Оқушыларға карточкалар таратылады, олар суретке сәйкес сандарды қояды.)

 

Сергіту сәті.

41-тапсырманы орындау. Тақтамен жұмыс.

  • Неше алма ?
  • Екі алма.
  • Тағы неше алма қостық?
  • 1 алма.
  • Барлығы нешеу болды?
  • 3 алма болды?
  • Қандай амал қолдандық?
  • Қосу амалын.
  • Қосқанда көбейе ме, азая ма?
  • Көбейеді, артады.

2+1=3

(Осылай бірнеше есептер орындату, тақтада шығарту, дәптерге көшіру.)

  1. Салыстыру. 1мен2, 3пен1, 1мен3, 3пен3, 2мен2, 1мен1,3пен2,(Оқушылар артық, кем, тең таңбаларын қойып, салыстырады)

5, – Суреттен неше қоян көріп тұрсыңдар?

  • 3 қоян.
  • Нешеуі қашып кетті?
  • Екеуі.
  • Қанша қоян қалды?
  • Біреуі.
  • Қалғанын табу үшін қандай амал қолдандық?
  • Азайту.

(Есептің қысқаша шартын тақтаға жазу, тақтада орындау, дәптерге көшірту.)

 

  1. Сабақты бекіту, қорыту.

Логикалық ойлау қабілеттерін тексеру. Шығармашылық тапсырма.

Аққала мен шыршаны ретімен жинау, қояндарды ретімен орналастыру,

2

3

  1.  Үй жұмысын беру. 42 – тапсырма, 92 бет.
  2. Білімдерін бағалау.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *