Мақала “Қазіргі отбасының – психологялық мәселелері”


Қостанай қаласы №11 орта мектеп психологы

Аубакирова Нургуль Кабделгазезовна

Биылғы оқу жылын тамыз конференциясыныда «Отбасы жылы» деп атаған болатын. Сол себепті биылғы барлық білім беру мекемелерінде отбасымен байланысты іс-шаралар яғни бала тәрбиесіне, біліміне әсер етуші яғни бала, мұғалім, ата-ана деген пирамиданы белсенді іске асыру үшін ата-анамен жұмылып істеу мақсат болып отыр.

Соған байланысты мектептегі психологтарға «Отбасы психологиясы» атты курстық қосымша сабақ қосылды. Курстың негізгі мақсаты оқушылардың неке және отбасы туралы түсінігін, дәстүрлі отбасының жеке құндылықтарын және оның рухани-өнегелік негіздемесін қалыптастыру болып табылады.

Отбасыда бірігей жүйе ретінде болып жатқан, психологиялық үрдіс туралы заманауи ғылыми түсініктерімен оқушыларды таныстыру;

Отбасының құндылықтарын, отбасы рөлінің мазмұнын, отбасы аралық үрдістің болмысын ашатын, негізгі психологиялық түсініктерді оқушылардың игеруіне ықпал ету;

Өміршеңдік кезең бойы отбасы қызметінің негізгі психологиялық заңдылықтарын ашу;

Ерлі-зайыптылардың гендерлік ерекшеліктерін ашу; отбасы ішілік қарым-қатынастың тұрақты болуына ықпал ететін, сындарлы қатынасу машығын қалыптастыру.

«Отбасы психологиясы» факультативтік курсы әлеуметтік институт ретінде отбасыға заманауи ғылыми көзқарасты мазмұндайды. Ұсынылып отырған курста жүйелі амалдың ұстанымымен заманауи отбасының негізгі сипаттамасы, оның түрі, қызметі, рөлдік құрылымы, отбасыдағы жеке тұлға аралық қатынастардың ерекшеліктері, конструктивтік тілдесудің айрықшаламасы сонымен қатар некеге тұру уәждемесінің проблемалары, неке серігін таңдау психологиясы және отбасы және некенің рухани-өнегелік негіздері қарастырылады.

Сонымен қатар осы «Отбасы психологиясы» аясында «Отбасылық тәрбиедегі негізгі құндылық ол отбасылық жеке рухани- танымдық тәрбие» атты жобада телемост өткізілген болатын. Бұл жобаның негізгі ұйымдастырушысы «Отбасы психологиясы» бағдарламасын дайындаған Саркисян Л.В. – психология ғылымдарының кандидатыА.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ психология кафедрасының профессорының бастауымен осы телемост дүйсенбіден сәрсенбіге дейін 17:00 – 18:00 уақыт арасында мектеп ұстаздары мен ата-аналармен пікір алмасып және отбасы жайлы әр түрлі мәселелерді қозғап, сол мәселелердің дұрыс шешімін табу үшін көптеген тақырыптарды ортаға салды. Бірінші күні «Мектепте және отбасындағы толерантты қарым-қатынас», «Қазіргі заманғы отбасылық тәрбие», «Бөтен бала болмайды», Қостанай облысындағы Әкелер мектебі, Отбасы және мектеп: әрекеттің тиімді жолы, әке мен ана тәрбиесі, қыз бала мен ер баланың арасындағы айырмашылық т.б мәселелерді мектеп психологтарының қатысуымен ортаға салынып талқыланды. Мектеп психологтары: Физика-математикалық лицей психологы Гаан Л.В, Қостанай түрік лицей психологы Молдағалиева Ельнара, Қостанай дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының психологы Умуртаева Г.А, және №11 орта мектеп психологы Аубакирова Н.К тағы басқа мектеп психологтарының қатысумен өтті.

Осындай отбасының қасиеттілігін, қадірін, қарым-қатынасын, мәнін түсінуге жастайынан мектеп жасындағы оқушыларға түсінік жүргізу өте дұрыс деп санаймын. Отбасы психологиясы жайында ұзақ уақыт мәселесін талқылауға болады. Осындай отбасындағы бала мәселені оңай әрі пайдалы шешу үшін психологтың кеңесі зор. «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш болып келеді» деген екен жазушы-педагог Ж.Аймауытов демек балаңызға өз тәжірибеңізден көрсетіп ұқтыруға тырысыңыз дегім келеді құрметті ата-аналар!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *