Ашық сабақ “Тербелмелі қозғалыс және оны сипаттайтын шамалар”


Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға

арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп

Пән мұғалімдері:

Бимбетова Алуа Нурлыбековна – физика пәні мұғалімі   

Қосақбаева Жаңагүл Райымханқызы – қазақ тілі мен әдебиеті   пәні мұғалімі,  жоғары санат          

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 

   Тербелмелі қозғалыстың не екенін, қандай шамалармен сипатталатыны туралы мағлұмат алады. Олардың ұлттық өмір салтымыз арасында қандай байланыс бар екенін қазақ халқының озық әдет – ғұрпын зерттеу арқылы түсінеді.

   Дамытушылық:

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалардың формулаларын түрлендіре отырып, есеп шығару дағдысын қалыптастырады тербелмелі қозғалысты басқа қозғалыстармен салыстырады. Ұлттық мәдениеттің, тілдің, дәстүрдің қайта өрістеуіне қуатты серпін алады.
Тәрбиелік: 

         Топпен жұмыс жасауды, өзгенің пікіріне құлақ аса отырып, өзара сыйластықты сезінеді, халықтың тірнектеп жинаған оқу – тәрбие ісінің бай тәжірибесін аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу әдісін жандандырады.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың технологиясы: СТО

Сабақтың әдісі: болжам жасау, сұрақ – жауап, рөлдік ойын, ВЕНН.

Сабақтың көрнекілігі: ЭО, бесік, тұрғы, шарик, жіп, серіппе, гір тасы, домбыра.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі,әдебиет

 Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі:

   Балалар, қай пәнді үйренсек те, қай ғылымды игерсек те бабалар дәстүрінен еш қол    үзе алмайды екенбіз. Себебі қазақ халқының тұрмыс салтында, әдет ғұрпында қолданылған үрдістер күнделікті өмірде алдымыздан жиі ұшырасып жатады.Ендеше ұлттық дәстүрлерімізді еске түсірейік.

( Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, бесікке салу дәстүрі туралы видео көрсетіледі)

     Байланыс сұрақтары:

Адам баласы дүниеге әнмен тербеліп келіп , әнмен тербеліп дүниеден өтеді екен.Тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағында тербеліп, жарық дүниеге келген бала туылған соң қандай дәстүр орындалады?

Әрине, бесікке салу дәстүрі.

  1. Бесікке салу дәстүрінің қалай орындалатынын білесіңдер ме?

2.Баланы бесікке кімдер салатын болған?

3.Тыштырма деген не?

4.Бесіктің пайдасы қандай ?

Біріншіден, қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден, баланы бесіктен шешкен кезде сәби керіліп-созылып, рахаттанады.

Үшіншіден,  сәбидің  тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

Төртіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Ары қол-аяғы сыптай болып өседі.

Бесіншіден, бесіктегі  балаға  ана  әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Алтыншыдан, бесік  сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тіл-көзден сақтайды.
Жетіншіден, балалар, бесік  қалай болса солай тербетілмейді. Бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Бір қалыпты тербеліске сазды ананың әлдиі қосылғанда әдемі әуенге еліткен сәби бірден тынышталып, тәтті ұйқыға кетеді. Бір қалыпты тербелістен баланың  жүйкесі  бір  жүйеге, тәртіпке  түседі.
Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабаларың Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төлемен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», – дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.

Балалар, дәл осындай тербеле отырып дыбыс,әуен шығаратын қандай ұлттық аспаптарымызды білесіңдер?

       Атадан балаға беріліп келе жатқан мәдени мұрамыздың бірі – қазақтың музыкалық аспаптары. Мысалы, домбыра, қылқобыз, шертер және басқа аспаптар сақталып келген. Халқымыз тіршілік тынысын музыкалық аспаптар арқылы бейнелей білген.

         (Ұлттық аспаптар жайлы бейнетаспа көрсетіледі)

2 3 45

Музыкалық аспаптың әуені естілгенде, ол қандай да бір дыбыс көзінен шығып бізге жетті деп ойлаймыз. Дыбыс көзін қарастырғанда әрқашан тербеліс болатынын байқаймыз.

Аспаптың дыбыс көзі – тербелген аспаптың ішегі. Ал тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Таралған тербелістер толқын. Демек, дыбыс толқын түрінде таралады.

Сондай-ақ ұлттық ойындарымыздың бірі –алтыбақан.

(Ұлттық ойынымыз –Алтыбақан туралы бейнетаспа көрсетіледі)

6

1.Алтыбақан қалай ойналатын болған?

2.Алтыбақанның сырық санының жетеу болуы не себепті?

Алтыбақан тепкенде де жастар ән айтып тербеледі. Жағада тұрған бозбала ән ырғағымен баяу алтыбақанды сүйеп, өз кезегінде қайта еппен артқа итеріп отырады.

Осы кезде алтыбақан еріксіз тербеліс жасайды.

                Міне ,балалар, қазақ халқы ерте заманда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де, өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп, шеберліктің небір сан-саласын асқан ұқыптылықпен сақтап біздің дәуірімізге жеткізе білді.Физика ғылымының құпиялары жайлы сөз қозғай отырып, ұлттық дәстүрлерімізбен қалай сабақтасатындығын байқадық. Сабағымызды ары қарай жалғастырайық.

 

Сабақтың барысы Мұғалімнің

іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сыныпты түгендеу. Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

 

 

Өтілген тарау бойынша жабық тест алу .

1-топ «Күш»

2-топ «Импульс»

3-топ «Жылдамдық»

Берілген тест парақтарына тапсырманы орындап, физикалық шамаларды тани отырып өз тобына барады. Өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеру, және физикалық шамаларды тану және оны сипаттау білімдерін тексеру.
А) Қызығушылықты ояту Тақтадан

Осы денелердің қозғалысын қалай сипаттауға болады?

Оқушылар домбыра телбелісі, серппе мен жіппке ілінген шарик қозғалысы, таразы, бесік, жүрек қозғалысы мен іштен жанатын қозғалтқыштың қозғалысы туралы сипаттайды.

(Әркім – топпен-ұжымға ұсынады)

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Б) Мағынаны ажырату Рөлдік ойындар стратегиясы бойынша әр топтарға жекелей тапсырмалар беріледі. Әр топ берілген тапсырмаларға жауап іздей отырып, Консектуалды кестені толтырады Жаңа термин, жаңа мазмұн, жаңа физикалық шамаларды өздері оқи отырып танысады.
С) Ой толғаныс 1- топ “ Күш” — Терминшілер

2- топ “Импульс ” – формулалар сыры

3-топ «жылдамдық» — сарапшылар

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша топ ішіндегі ең толымды жауапты ұжымға ұсынады және басқа топпен салыстырады. Әр топ оқушыларының топпен жұмыс жасай отырып тақырыпты ашу, және алған білімдерін жинақтау.
Сабақты бекіту Мұғалім әр топқа тақтадан есептер береді. Әр топ оқушылары есепты шеше отырып топ басшысына береді, топ басшысы ең дұрыс шыққан есепті ұжымға ұсынады. Алған теориялық білімдерін практикада қолдана алуға бағыттау.
Үйге тапсырма Тербелмелі қозғалыс пен қисық сызықты қозғалысқа ВЕНН диаграммасын салу Күнделіктеріне жазып алу Алған білімдерін әр оқушы үйде қайталату үшін.
Оқушыларды бағалау Жабық тест және әр топтағы оқушылардың сабақ барысындағы белсенділіктеріне қарай бағалау Алған білімдерінің бағасын күнделікке жаздыру. Бір сағаттық сабағының еңбегін күнделікке түсірту.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *