Ашық сабақ жоспары “Ньютон заңдары (қорытынды сабақ). 9-сынып”


Пән мұғалімдері:

Бимбетова Алуа Нурлыбековна- физика пәнінің мұғалімі, Қосақбаева Жанагуль Раймханқызы- қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

білімділік; оқушылардың күш, күш әсері, масса мен үдеудің байланысы, инерция, тең әсерлі күш туралы ұғымдарын, Ньютон заңдары туралы білімдерін «дене-күш-үдеу» бағытын жетілдіру, жеке тапсырмалар орындау барысында халқымыздың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін қайта електен өткізіп, жаңғырту.             дамытушылық; оқушылардың күш-үдеу, үдеу-масса тұрғысындағы білімін тереңдету, эксперимент жасай отырып, халықтық педагогика негізінде ұлттық салт – дәстүрлерді жас ұрпақ санасына дарыту, осы арқылы пәнге қызығушылығын арттыруда ертеңгі ел азаматын тәрбиелеу.

тәрбиелік; оқушының жеке тұлға үшін күрес әрекетін игілікті іске жұмсауға әдеттендіру арқылы түпкі тегінен ажырамай, отбасын, ауыл – аймақты, Отанын сүюге, ар – намысын қорғауға және тағы басқа да ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу

Сабақтың көрнекілігі:

Тәжірибе жасауға арналған приборлар, тесттер, тірек-конспект-тапсырмалар, слайдтар т.б.

Сабақтың барысы:

І-ұйымдастыру кезеңі

Good morning, boys and girls! Glad to see you today. I hope you are ready for the lesson. I am waiting for you to be quiet. Lets start our work. Today we shall find out what you think about healthy way of life.

  • Оқушыларды үш топқа бөліп тиісті орындарына отырғызу
  • Тапсырмалар тарату, олармен жұмыс тәртібін түсіндіру

 

ІІ- кезең

Біз сіздермен 9- сыныпты механика бөлімімен бастадық. Механика- қозғалысты сипаттайтын физиканың бөлімі.Ол екі үлкен бөлімнен тұрады. Кинематика және динамика.

Кинематика дегеніміз не? Кинематика-қозғалысты сипаттайтын механиканын бөлімі.

Динамика дегеніміз не?Динамика- қозғалыстың себеп -салдарын сиппатайтын механиканың бөлімі.

Динамиканын негізгі заңдарын кім ашты?

Ньютон ашқан.

Олай болса осы заңдарды қарастырайық.

We have begun to study about mechanics at 9th form. The science of motion and its causes is called Mechanics, Which is divided into two main sections: Kinematics and Dynamics.

What is kinematics describe?

And about dynamics? Who invented the laws of dynamics? Lets revise these laws

 

  • Әр топ өзіне берілген тапсырмаларымен таныстырады

ІІІ-кезең

  • Жүйрік болсаң жетіп көр?

(Терминдер бойынша сұрақтар)

acceleration

magnitude

outer

reference

inversely proportional

directly proportional

resultant

inertia

opposite

relative

Match the English and Russian terms.

1.     directly proportional

2.     acceleration

3.     resultant of forces

4.     uniform motion

5.     in magnitude

6.     inversely proportional

7.     outer force

8.     to remain at rest

9.     frame of reference

10.           to move in a straight line

11.           relative to smth

  a.     оставаться в покое

b.     равнодействующая сил

c.      по величине

d.     равномерное движение

e.      обратно пропорциональна

f.       внешняя сила

g.     система отсчета

h.     относительно чего-то

i.       прямо пропорциональна

j.       ускорение

k.     двигаться по прямой линии

 

IV-кезең

Сөйлемдерді толықтыр.

  1. When an object moves with …, it speeds up or slows down.
  2. According to the 2-nd law of motion, the acceleration of a body is … to the resultant of forces, acting on the object, and … to its mass.
  3. If an object doesn’t change its velocity, it performs … .
  4. When the law of inertia holds true only to inertial … .
  5. The sum of forces acting on the object is called … .
  6. When an object doesn`t move, we say that it … …. .

 

 

V-кезең

Сергіту сәті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Балалар, біраз шаршаған болсаңдар сергіту сәтін жасайық. Қазір қазақ халқының ұлттық ойыны «Қаhарлы -Бану» ойынын «Орамал тастаумен» ойынымен ұштастырайық. Мұндағы басты мақсатым- қай ғылымды меңгерсек те бабалар салған сара жолдан ажырамай, ертеңгі ел тізгінін ұстар, елін сүйер патриоттар дайындау және ғасырлар бойы қалыптасып қалған ұлттық тәрбие үрдісінен қол үзбеу. Қазір мен ертегіні бастаймын. Мен тоқтаған жерде сендерге орамалды лақтырамын, кімге орамал түседі сол болжау әдісі арқылы ертегіні физикалық ұғымдарды қатыстыра отырып, ертегінің желісін үзбей жалғастырады. Ол топтың ойыншысы бір сөйлемін айтады да, келесі топқа лақтырады. Ойын аяқталғанша жалғасады.

       «Ерте, ерте, ертеде Қаhарлы деген жігіт болыпты. Ата-анасынан ерте айырылған жігіт бір байдың қолында жалшылықта жүреді. Туғалы жарып ас ішпеген, бүтін киім кимеген Қаhарлы байдың жалғыз қызы Бануға ғашық болып қалады. Бану да ұнататындығын сездіреді. Екі ғашық әкелерінің қоспайтындығын білген соң бір түнде әкесінен мұраға қалған сиырға мініп қашып кетеді. Күн жүреді, ай жүреді екеуі ақыры Аравияның шөліне келіп тоқтайды.Ашыққан екеуі жалғыз сиырды сойып, мүшелеп жеп жатады… »

       Ал бірінші топ орамалды қағып алыңыздар да ертегіні жалғастырыңыздар. Сөйтіп топтан-топқа ертегі аяқталғанша орамал ауысып отырады.

   Міне, балалар, біз неге ұлттық ойындарымызбен сергіту сәтін жасадық. Себебі, сіздердің бүгінгі тақырыптарыңыз ұлттық ойындарымызбен тікелей байланысты. Айналамыздағы кез-келген құбылыс осы бір дана қазақ халқының назарынан тыс қалған емес. Қазақ халқындағы әрбір ұлттық ойын қозғалыс пен күшке негізделген. Мен сіздерге орамалды күшпен лақтырдым, соның арқасында адамның дене мүшесі де қозғалысқа түсті және орамал да бір орыннан екінші орынға орын ауыстырды, яғни қозғалды. Қозғалыс тақырыбына мынандай ұлттық ойындарды жатқызуға болады.

                                         Слайд «Қазақтың ұлттық ойындары»

Енді екі топтан екі оқушы қазақтың тағы бір ұлттық ойыны «Атбақылды» көрсетейік.

                                        Мақал-мәтелдер

Балалар, қозғалыс жайлы сөз қозғағанда Шәкәрім атамызға тоқталмау мүмкін емес. Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша, әлемнің пайда болуы – Құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі, қозғалысқа түсуі немесе жоғалуы мүмкін. Шәкәріматамыз өзінің «Үш анық» шығармасында:

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлің, бір мән де

Сол қуатпен бол таныс.

Қозғаған қуат – жан дейміз,

Жан өсті жаннан сан дейміз.

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән дейміз.

Жоғарыда айтылғандай, тіршіліктің болуына керекті табиғи қозғалыстардың, шарттардың біреуінің де болса жұмысы сәл баяулап, немесе тоқтайтын болса, бүкіл баланс бұзылып, бар әлем қирап, жойылады. Ұлы ғұлама бұл ойларын Иассауи бабамыздың «сәни дәптерінің »ақиқатына, Фараби атамыздың трактаттарына сүйеніп айтады.

Ғалымның санауынша, табиғат құбылыстарын бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін емес. Оларды танып – білетін бір ақ нәрсе – таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактылы меңгереді, жақсыны жамандайды, сұлулықты ұсқынсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады.

( тақтада слайд)

Радийді бұрын біліп пе ең?

Электр ұстап көріп пе ең?

Бәрін де жатқан таза ақыл

Аспанда ұшып жүріппе ең?

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тиясың-ау қуанышты күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін — тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін – өлемін деп қарамау.
VI-кезең

Сәйкестікті тап.

acceleration F1=-F2 These two forces are called action and reaction forces.
Қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттайтын шама Field forces Жылдамдықтың шапшаңдығын сипаттайтын шама
Ньютонның ІІІ заңы Жерге тартылу күші Speed

VIІкезең

Кім жылдам? (Ауызша және жазбаша есептер)

  1. Үдеу нолге тең болатын жағдайларды атаңыз:

1 дене тыныштықта болса…

2 дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалса…

 

  1. Сурет бойынша тең әсерлі күштің формуласын жазып есептеңіз;

 

 

 

F=F1-F2

  1. Есептеп шығарыңыз: Қандай күштің әсерінен массасы 2кг дене 1,5 м/с2 үдеу алады?

 

  • Дене бір қалыпты түзу сызықты қозғалады. Үдеу қаншаға тең болады?

 

  • Параллель екі күш (30Н және 50Н) бір нүктеге әсер етеді. Тең әсерлі күшті есептеңіз.

 

  • 0,05 Н күш әсерінен доп 10см/с2 үдеу алады. Доптың массасы қандай?

 

  • Екі бала әрқайсысы 50 Н күшпен арқанды қарама-қарсы жаққа қарай тартады. Арқанға қанша күш түседі?

 

  • Парллель екі күш (60Н, 100Н) қарама-қарсы жаққа бағытталған. Сызып көрсетіңіз. Тең әсерлі күші қанша?

 

  • 1 кН күш денеге 5 см/с2 үдеу берсе, ол дененің массасы қанша?

 

  • Массасы 0,5 т тыныш тұрған денеге 35Н күш әсер етеді. Ол 4 с –та қанша жол жүреді?

 

  • Массасы 5кг дене бір күш әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 10 кг денеге сол күш қандай үдеу береді?

 

 

  • 120Н күш денеге 1,6 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу береді?

 

   Find the rules of formulas

 

x- in dependent velocity equation.
 

 

In dependent displacement   equation.
  acceleration

 

ІҮ-кезең

Фиш боун

ҮІІІ-кезең

Ньютон заңдарын күнделікті өмірде қайда кездестіруге болады? (түсіндіріп айтып беру)

1.Бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде автомобиль Ньютонның бірінші заңына сәйкес, ал аз ғана уақыт қозғалтқышын жаңармайды үнемдеу үшін өшірген кезде Ньютонның ІІ заңына сәйкес теңкемімелі қозғалады.

  1. Мылтықтан шыққан оқтың траекториясы түзу сызық болып табылады. Оқа әсер ететін күштің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның алатын үдеуі де артық болады. Яғни оқтың қозғалысы Ньютонның ІІ заңына бағынады.
  2. Арқан тартысу қазақтың ойындарының бірі. Бірнеше жақтан түсірілдген күш шың мәнінде басқа күштермен теңгеріледі, яғни табиғатта кез келген күшке модулі бойынша тең, бірақ бағыты бойынша қарама қарсы басқа күш табылады.

4.Поездің қозғалысы: поезд бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде инерциялық санақ жүйесінде қозғалады, демек Ньютонның бірінші заңына сәйкес қозғалады.

  1. Тіс емдеу: Тісті емдеу кезінде ешқандай да күш дененің жылдамдығын лезде өзгерте алмайтынын ескеруіміз қажет. Егер тіс жұлатын құралмен кенет тісті жұлып алса, адам денесі жылдамдығын өзгертіп үлгермейді, ал тіс инертті дене ретінде Жерге қатысты үдеу алады.
    6. Ньютонның үшінші заңына сүйенетін болсақ, ат арбаны қандай күшпен тартатын болса, арба да атты сондай күшпен тартады.

 

ҮІХ-кезең

Келесі сабақта Ньтонның тағы бір үлкен заңдарының бірі БӘТ заңы.Осы заңның ашылуына байланысты аңыз бар,сол аңызды қарастырып клесіздер.
5 – тур. Физикалық жұмбақтар. әр топқа 4 жұмбақтан беріледі. әр дұрыс жауапқа
5 ұпай.
1 топтың жұмбақтары:
1) Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
2) Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
(Уақыт)
3) Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық)
4) Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
(Күш)
2 топтың жұмбақтары:

1) Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
(Қысым)
2) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
(Қуат)
3) Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
(Температура)
4) Әр заттың жылу салар “дорбасы ” бар
Жылудың олар үшін
Бар. Температура, массаны пайдаланған жауабы бұл жұмбақтың сонда шығар. (Сиымдылық)
Үйге тапсырма;§11,12,13

Бағалау парағындағы қортынды бағаны шығару, топ басшысына тапсырма.

 

 

Метки:

One Reply to “Ашық сабақ жоспары “Ньютон заңдары (қорытынды сабақ). 9-сынып””

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *