Тәрбие сағаты «Қазақстан – бір шаңырақ астында…»


Коммуналдық мемлекеттік мекеме

«Жарсу орта мектебі»

Ағылшын тілі  мұғалімі Н.Байсеитова

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;

Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас, жобамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шаңырақ.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.

1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, ассамблея, ұлт бірлігі, Қазақстан азаматы, конституция,туралы ой-пікір.

Әдісі: Ассоциация. Ассамблея туралы ой-пікір. «Ассамблея» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.

Мультимедиалық көрнекілік.

Мұғалім: Сонымен біз бір шаңырақастында 130 дан астам ұлт өкілдері тұратын еліміз жайында әңгімеледік. Енді осы сөздер біздің аталарымызда қандай ой тудырғанын әдеби-монтаждан тамашалайық:…

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Байтағым!

Аз емес саған айтарым!

Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,

Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Мәртебем!

Қазақстаным менің,

Жәннатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!

Қазақстаным менің,

Қазақстаным менің –

Ырысым!

 

2 КЕЗЕҢ. Түсіну. «Мен – егеменді елдің болашағымын» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.Осы сәтте Әсенғазина Аяулымның орындауындағы күйді тыңдай отырайық.

Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.

Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.

 

3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.

         Конституция – халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.

 

4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.

Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан,туған жер туралы бірнеше мақал-мәтелдер,немесе 1 шумақ өлең жолдар үлгісін жасайды.

Мысалы:

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

 

Әр топ ойланғанша Әділбекова Дананың әнін тыңдай отырайық.

 

 

Әр топ өздерінің шығарған өлең, мақалдарын оқиды.

 

Рефлексия жасау.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *