«Жалаң және жайылма сөйлем»


                                     Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Талица ауылы

                                   Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің бастауыш

                                           сынып мұғалімі Аскар Салтанат Аскаркызы

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау.

Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

Бүгінгі сабақта жақсы көңіл – күйде боламын

( оң қолдарын көтеру)

Бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз.

(сол қолдарын көтеру)

Бүгінгі сабақта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз

(екі қолдарын шапалақтау)

Біз бір-бірімізбен доспыз және әрқашан біргеміз.

(бір-бірінің қолдарынан ұстау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 101 – жаттығу. Талдау.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Қайталау – білім анасы

– Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік.

Оқушылар тест―тапсырманы кезекпен ауызша орындайды. Бағалау.

  1. «Білімді мыңды жығар» Сұрақ-жауап.
  2. Бастауыш деген не?
  3. Баяндауыш деген не?
  4. Тұрлаулы мүшелер деген не? Мысал келтір.
  5. Тұрлаусыз мүшелер деген не? Мысал келтір.
  6. Бастауыш пен баяндауыштың арасында қай уақытты сызықша қойылады?

Бағалау.

  1. «Талаптыға нұр жауар» Ребус шешу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *