Аралас сабақ “Қажымұқан. М.Тәнекеев”


Тержанова Орунгуль Жаксылыққызы

бастауыш сынып мұғалімі  КММ Новоселов орта мектебі

Пәні : Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы : Қажымұқан. М.Тәнекеев.

Мақсаты:

Білімділігі :Оқушыларға М.Тәнекеевтің «Қажымұқан» әңгімесімен таныстыра отырып, Қажымұқан туралы толығырақ мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың негізгі ойды түсінуге жетелеу.
Дамытушылығы :оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,ой белсенділігін дамыту,шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісе отырып,ой-пікір,сөз еркіндігіне баулу.
Тәрбиелілігі :ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға,халқы үшін қызмет ететін намысты ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, сызба, шығармашылық тапсырма,ойын.

Көрнекілігі :Қ.Мұңайтпасовтың суреті,слайдтар,
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болын арамыз.

Таңдаған асықтар бойынша топтарға бөлу.

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады

IV. Асық атаулары:
1. Құлжа – арқардың аталығының асығы
2. Сақа – арқардың асығы
3.. Жабайт – еліктің асығы
4. Асық – қой мен ешкінің асық жілігінен
5.. Шүкімайт – қозы мен лақтың асығы
Үй тапсырмасын тексеру  Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
– Ш. Мұртазаның «Интернат наны»әңгімесі.
Сұрақтар арқылы тексеру.

ІІ.Жаңа сабақ:Ал енді балалар мына есепті шығару арқылы, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

226-220=6                          546-545=1

241-240=1                           647-640=7

566-556=10                           546-545=1

454-453=1                         387-370=17

575-562=13

601-564=37

333-311=22

6,1,10,1,13,37,22           1,7,1,17.

Ал енді балалар алдарыңдағы кесте арқылы мына жауаптардан қандай сөз шығады.Дұрыс « Ғажайып алаң» Ал ендеше бүгін біз сабағымызда Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» шығармасымен танысамыз.

Автор туралы мәлімет

Мұратхан Тәнекеев (1. 01. 1928, Жамбыл облысы Қордай ауданы Талапты ауылы 28. 12. 2000) – педагогика ғылыми докторы, профессор, дене тәрбиесі мен спорт тарихы. Оның жекелеген еңбектері ағылшын, француз, неміс және моңғол тілдерінде жарияланды. Шығармашылығы: “Қажымұқан”, “Бәйгеден Олимпиадаға дейін”, “Дене тәрбиесі мен спорт тарихы” және т. б. Кейін бұл кітаптың мазмұны бойынша 1980 жылы «Қажымұқан» атты көркем фильм түсірілді.1996 жылдан өмірінің соңына дейін «Дене тәрбиесі ілімі мен оқу әдістемесі» кафедрасында профессор қызметін атқарды. 2000 жылдың 28 желтоқсанында қайтыс болды.

Мәтінмен жұмыс.

Балаларға мәтіңді екі бөлімге бөліп,жаңа тақырыпты өздері оқып меңгереді.Балалар мәтінді түсініп оқып,өз бөлімдеріңе ат қоясыңдар.

«Мен саған,сен маған» ойыны арқылы тақырып бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.

– 450кг темірді иығына салып көтеріп келе жатырған кім деп ойлайсыңдар?

– Бір топ балуанмен бірге қайда келді?

– Қажымұқан кімді көрді?

– Балуандарға адамдар не айтты?

– Балуандар сейфті көтере алды ма?

– Сейфті кім көтерді, қалай көтерді?

– Қайда болған оқиға?

– Қара Иван кім?

– Аренаға Қажымұқан қалай кірді?

– Арбаны қалай сүйреді?

– Қажымұқан сахнадан қалай шықты

Қ. Мұңайтпасов туралы бейне таспа көрсету.

Қажы Мұқан Мұңайтпасов — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. 1871жылы, 7сәуірде Ақмола облысы, Қараөткел ауылында дүниеге келген.

Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған.

Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді. Оған ұшақ сатып алынды.

1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. 1927ж. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды

Топтастыру. Қажымұқан қандай болған?

Ірі, денелі батыл, балуан, дәу, қайратты, төзімді, күрескер, қайырымды, ақындығы бар.

Сергіту сәті:

«Жалғасын тап» ойыны

Дені саудың –жаны сау.

Денсаулық –зор байлық.

Шынықсаң шымыр боласың.

Спорт-бейбітшілік елшісі

Дені сау адам-дәулетті адам

Шығармашылық жұмыс.

1 – топ. «Әйгілі спортшыға хат жазу..»

2 – топ. Спортқа байланысты сурет салу.

III. Ой толғаныс.

Өмірмен байланыс. Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымызды білесіңдер?

– Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ермахан Ибрагимов т. б

Қазір елімізде балуандарға байланысты не өтіп жатыр?

– Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 12-ші орыннан көрінді. Барлығы 13 медаль алды. Оның жетеуі алтын ,біреуі күміс,бесеуі қола медаль.
Лондон Олимпиада жүлдегерлері:
Алтын медаль:Александр Винокуров ,Серік Сәпиев , Илья Ильин ,Мая Манеза ,Зульфия Чиншанло ,Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова .
Күміс медаль:Әділбек Ниязымбетов .
Қола медаль :Ақжүрек Таңатаров ,Даниял Гаджиев,Гузель Манюрова,Иван Дидчко,Марина Вольнова

Кеше ғана сенбі күні өткен Еуразия барысы болып өтті. Біздің Қазақстандық Айбек Рысқұлов 2 орын алды.

– Балалар біздің өзіміздің мектепте де күрес үйірмесі бар. Жетекшісі: Халықов Ерлан Төлеуқайырұлы. Біздің мектепте де Қажымұқан атамыздың ізбасарлары бар. Ендеше сол ізбасарларының, яғни кіші балуандардың шағын көрінісін тамашалайық.

Көрініс.

. Сабақты бекіту.  

– Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

– Кіммен таныстық?

– Қай жерде дүниеге келген?

– Қай жылы туған?

– Сондықтан да балалар Қажымұқандай адамды, қандай адам дейміз? (Ғажайып адам)

Қажымұқан туралы оқушылар тақпақтарын айту.

Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін оқу,әңгімелеу.

Күлдіргіштер арқылы бағалау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *