Сабақ “Colours. Letter Ff “

Қойшыбек Айгерім Мухаммединқызы
“Еркемай” жекеменшік балабақшасы.
ағылшын тіл маманы

Білім беру саласы:   Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі

Тақырыбы: «Colours. Letter Ff»

Мақсаты:

  1. Жаңа red, blue, orange, green, yellow лексикалық бірліктерін беру. Жаңа Ff әрпін және осы әріптен басталатын «fish» сөзін үйрену. Жаңа How many?сұраулы сөз тіркесін пайдалануды және оған жауап беруді үйрету. «How many?» сұрағына жауап беруді, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды үйрету. Тыңдау және сөйлеу, түстерді анықтау және атау дағдыларын дамыту.

Тілге қызығушылық пен анаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жапсырмалар, түрлі түсті қарындаштар,оқылатын түстер бейнеленген карточкалар аудиодиск, CD плеер.

Билингвальді компонент: red- қызыл – красный, blue – к- синый, уеllow – сары – желтый, grееп – жасыл – зеленый, оrange- қызғылт сары — оранжевый, fish – балық — рыба.

 

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалармен амандасады: Неllo, boys and girls. Таңертең ұйқыдан оянғанда ең бірінші кімді көресіңдер? Ұйқыдан

оянып, аналарын көрген балалар қалай күлімсіреп «smile» дейді.

 

Балалар шеңберге

тұрып, аманда-

сады. «Ана» деп

жауап береді. Бір-

біріне күлімсіреп,

жаңа «smile» сөзін

қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.

Педагог: Біздің түлкішек те өз анасын жақсы көреді. Анасы үшін қандай әдемі

гүлшоғын жинағанын қараңдаршы!

Ғоху – жақсы әрі қамқор бала. Педагог ағылшын тілінде түстерді атайды: green, yellow,orange,blue, red.

Түстер туралы ән тыңдап, жаттап алуды ұсынады.

Тгаск 1

Green and yellow,

Green and yellow,

Orange,blue.

Red and blue

Colours,colours,colours

Red and blue

2-тапсырма.

Педагог барлық балалардың,

жануарлардың аналары болатынын айтады.

Түлкішектің достарының да аналары бар. Олар да аналарына гүлшоқтарын

сыйға тартқысы келеді.

Гүлшоқтарын салуға көмектесетін кейіпкерлерді атауды сұрайды. Балалар, анасы үшін кім бірінші гүлді салғысы келеді.

Бірінші гүл – the bear,draw a red flower.

Екінші гүл – the bee: draw a yellow flower.

Үшінші гүл – the cat: draw a blue flower.

Төртінші гүл – the mouse: draw an orange flower.

Өз аналарына арнап гүл салуларын және

оның түсін айтуларын ұсынады.

Сергіту сәті.

 

Тгаск 8. Ән.

What is it? It`s a house.

What is it? It`s a tree.

What is it? It`s a flower.

What is it? It`s a bee

 

3,4-тапсырмалар.

Педагог балаларды Ff әрпімен таныстырады, әріпті айтып, балалардан тақпақты қайталатады. Аталған әріптен басталатын fish сөзін айтуларын сұрайды. Педагог әріпті бояуды усынады.

5-тапсырма

Балықтардың түстерін айтады: red fish, yellow fish және т.б. Балалардың тапсырмаларды орындауын бақылайды.

6-тапсырма.

Түлкішек-ана балықты өте жақсы көреді. гүлшоғына қоса анасына ашық хат салуды үйғарыпты. Оған толқындарды бастырып сызуға көмектесіндер. Балықты бояңдар. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (10-6.)  Педагог боялатын суреттердің саны мен түстерін атайды. Бояу керек:

Three yellow chicks.

Two blue fish.

One orange butterfly

Four red flowers.

Five green trees.

 

 

Балалар педагогтің артынан сөздерді қайталайды: red, blue, orange, green, yellow.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әнді тыңдап, педагогпен бірге айтып үйренеді.

 

 

 

 

Балалар түлкішектің достарын ағылшын тілінде атайды.

 

 

 

 

 

 

Педагогтің тапсырмасына сәйкес гүлдердің суретін салады.

 

 

 

Өздерінің аналарына арнап гүл салады және түсін аитады.

 

Балалар әнді тыңдап, үйді (балалар қолдарын төбелеріне қойып үйдін шатырын бейнелейді), ағашты (қолдарын жоғары көтереді) қауызын ашқан гүлді (отырады, одан кейін жабулы гүл қауызы іспетті қолдарын жинап. одан кейін қолдарын ашылған гүл сияқты жан-жаққа жаяды), аран (араның қанат қаққаны сияқты қолдарын қозғалтады) бейнелейді.

 

Балалар тақпақты қайталайды,әріпті дауыстап айтады.

 

Әріпті бояйды.

 

Сөз тіркестерін қайталай отырып, балықтарды сәйкес түспен сызық арқылы қосады.

 

Балалар толқындарды бастырып сызады. Балықты бояйды.

Балалар педагогтің тапсырмасы бойынша суреттерді бояйды.

 

Рефлексиялық – түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Түлкішек балалардан үйренген сөздерді қайталауды сұрайды. Ол балаларға көмек көрсеткендері үшін алғысын айтып, қоштасады. Goodbye, children.

Балалар жаңа сөздерді айтып, түлкішекпен қоштасады. Goodbye, Foxy.

 

Күтілетін нәтиже:  

Орындайды : Жаңа red, blue, orange, green, yellow лексикалық бірліктерін, жаңа: Ff әрпін және осы әріптен басталатын «fish» сөзін үйрену.

Түсінеді: Түстерді және олардың ағылшын тіліндегі атаулары туралы ұғымды.

Қолданады: түстерді ажырата білуді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.