Тәрбие сағаты ” Ешкім де, ешнәрсе де, ұмыт  қалмайды “


Калиева Алмагүл Тоқышқызы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Приречное ауылы №22 орта мектебі

 Бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағатының мақсаты: 

1.Ұлы жеңісті дәріптеу,өз Отаным,Туған жерін сүю,Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

Көрнекілік:“Отан үшін-от кешкендер” тақырыбы бойынша плакат.

Ерлік жайында түрлі-түсті суреттер,мақал-мәтелдер ілінген.

“Батыр туса-ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.”

“Ер-елдің ық жағының қаласы,

Жел жағының панасы”

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен құрметті қонақтар “Ешкімде,ешнәрсе де,ұмыт қалмайды” атты тәрбие сағатын бастаймыз.Ержүрек ағалардың ерліктерін үлгі тұта отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мұғалім:Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.

Ән:“Мәңгі жаса Отаным”

1-оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамды.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

2-оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

3-оқушы: Есіңде ме туған қалам,

Сендеп неше жан қиылды

Тас қорған боп мың-сан адам,

Қорғағаны әр үйіңді

Жау еңсесін жаншып төмен,

Қуған оны жатыр ізі

Есіңде ме Мәншүк деген,

Қазақтың жас батыр қызы.

Мұғалім:Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас,әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

4-оқушы: Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

-Дұрыс,-десті сұрағың-

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні,шырағым!

5-оқушы:Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ.

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Сұрапылдан дауа таппай шерленген.

Әлем демін әрең алды шеңберден.

Ажыратып қанды қара шеңгелден.

Жарып шықты қарғыс пенен тозақты.

Ән: “Жиырма сегіз батыр”

6-оқушы:Армысың ,ауылымның адамдары.

Мейір гүлін шашатын маған бәрә.

Ащы терді аямай сендер үшін

Әнге қосып жүремін өзіңді.

Мұғалім: Өз халқымның батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдагуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.

7-оқушы:Сонау жылы жер-көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған.

Мұғалім: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген.Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен.Әкесі дәрігер болған .Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.

8-оқушы: Айтамыз біз өлең ғып.

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.

Мұғалім: Әлия 1924 жылы Кобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып. Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады.Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып.

9-оқушы: Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан

Әлия Отанына болған мақтан.

Беконица маңында тұлғасы тұр

Дегендей “ерлікке”аттан,еңбекке аттан

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен

Желдіртіп қоңыраушы атын жеккен

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен

10-оқушы:Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен отанды қорғау соғысы басталды. Халық қолына қару алып, майданға аттанды. Волоколамск тас жолын қорғаған қазақстандық жауынгерлер мен қолбасшы-офицерлер И.В. Панфилов, Б.Момышұлы, М.Ғабдулин, сияқты ерлер бар екенін жақсы білеміз.

Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған апаттың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл болып отыр.

Көрініс: “Соғыстан қайтқан солдаттар”

11-оқушы:” Жетпіс жыл !”

Бейбіт көктем таңы атқалы

Жетпіс  жыл!

Шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері жетпіс рет.

Ашылды жеңіс күнінің парақтары.

Жүргізуші: Енді кезекті биге берейік. Би шашу”Ақ  көгершін”.

12-оқушы: Оу, адамдар,даналар!

Соғысқа қарсы балалар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

Тыныштық керек ол үшін!

Ән:“Отан”

13-оқушы: Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға.

Би:“Қаражорға”

Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.

Мұғалім: Рақмет.

-Құрметті кешіміздің қонақтары , мұғалімдер және оқушылар,”Ешкім де, ешнәрсе де, ұмыт қалмайды” атты кешіміз  өз мәресіне жетті. Міне, балалар, осындай даңқты жолдармен жүріп өткен аға  ұрпақ ісін жалғастырушы сендерсіңдер. Ертең сендер де Отан сақшысы-солдат боласыңдар. Отан сендерден қандай істі талап етсе, бәріне дайын, елін, халқын сүйген патриот болуға тиіссіңдер.

Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт,жастарға патриоттық  тәрбие беруде игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілейміз.

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *