«Сабақта критериалды бағалауды қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын  арттыру  тaқырыбы бойыншa коучинг жоcпaры


Жамбыл облысы  Қордай ауданы  Отар ауылы

№ 41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің

Екінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Теребаева Айгуль Кишибатыровна

  

Күні:  8 қаңтар 2016 жыл. Caғaт:   60 минут
Cабақтақырыбы: «Сабақта ,критериалды бағалауды қолдана отырып,оқушылардың қызығушылығын арттыру» 
Жaлпы

мaқcaт:

Мұғалімдерге қазіргі бағалау жүйесімен,яғни бағалау түрлері туралы ақпарат беру, оқу, оқытудың сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру. Критериалды бағалауға бағыт беру;
Күтілетін

Нәтиже

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады,күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады,келешекте сабақта қолдануға бейімделеді,сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құру арқылы бағалауды біледі.
Түйінді

идеялaр:

Бағалаудың түрлері туралы кеңінен мәлімет бере отырып,мұғалімдерді оқушылардың білімін нақты, тиімді дұрыс бағалауға жетелеу және бағалаудың түрлері ,әдіс тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыттау.
Дереккөздер: Маркер, ақ парақтар, АКТ: бейнежазба, әр стикерлер,  суреттер, бояулар.
Тапсырмалар: Топпен жұмыс, постер қорғау. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

Caбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдердің іc-әрекеті:

 

 Ұйымдacтыру кезеңі

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуал тудыру

2 мин

Топқа бөлу:  Мұғалімдерді үш түрлі кампиттер арқылы топтастыру Мұғалімдер өздеріне қалаған кампиттерді таңдап алады, топқа бөліне бастайды.
Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

«Әсем – әдемі» тренингін  пайдаландым. Дөңгелене отырған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет. Мысалы:Индира-инабатты, Жұлдыз-жаңашыл.
 

Ой қозғау

10 мин

 

ИНСЕРТ стратегиясы

Топтарға коучинг басында бағалау туралы  не білетінін жазу тапсырылды.

Ақ параққа бағалау бойынша не білетіндерін,не түсініксіз екенін жазу тапсырды
Топтық

Жұмыс.

10 мин

Өздерінің үйлерінің суретін салғызамын.

 

Топ мүшелері үйдің суретін салып , бір бірінің жұмысын (2,3,4,5)  бойынша бағалайды.
Топтық тапсырма.

10 мин

«Сіз үйіңізді қаншаға бағалайсыз?» әр топ жасаған жұмыстарына бағалырын  қойып айтады.

 

Топ мүшелері өз үйлерін қаншаға бағалайтынын және бағалау критериін ұсынады, жоғарыда салынған үйді бағалау критериін құруды және бағалауды топ болып постермен орындайды. Алдында қойылған баға мен критерий бойынша қойылған бағаны салыстырады.
Теориялық материал

5 мин

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,формативті,суммативті,критериалды бағалау.» туралы презентация  арқылы қысқаша мәлімет бердім. Таныстырылымды ұстаздар тыңдады
Сергіту сәті

3 мин

«Көңілді күн» бейнежазбасын көрсетіп,билету Бейне жазбадағы көрсетілген биге қосылып биледі
Тапсырма №2.

5мин

 

Топтарға гүлге, көбелекке, аққуға критерийді құруды тапсырамын. Суретке  критерий құрады.
Қорытындылау

10 мин

Топтарға коучинг соңында  бағалау бойынша не білетінін жазуды тапсырамын. Сіз тағы қандай бағалау тәсілдерін ұсынар едіңіз?

Топтар   таратылған  бағанына бағалау туралы не білетінін жазады.

Рефлекcия

3 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіріп,пайдаландым.

Әріптестерімнің соңынан «Тілек ағашына» өз пікірлерін,тілектерін жазып ілді. Теориялық білімдерін қанша мұғалімнің  меңгергенін бақыладым.

Формативті бағалаумен «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдаланып, топтың  жақсы жетістіктері және жіберген кемшіліктеріне ұсыныс айтылды.

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *