Сабақ “Г” дыбысы мен әрпі”


Екібастұз қаласындағы №7 “Ботақан”

балабақашасының даярлық тобының тәрбиешісі

Альменова Дария Сағынқызы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру.   Г   дыбысы бар сөздерге талдау жасау.     Г дыбысы мен әрпінің Ғ әрпінен айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: Гдыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.

Тәрбиелігі: өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапандыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: жұмбақ шеу, ойындар, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет, тіл дамыту.

Көрнекілігі: ДК, проектор, гүл суреті, кесте әріптер, текше.

Әрекет кезеңдері            Тәрбиеінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекекті
Ынталандыру,

сезімді ояту

Амандасу.   Қуаныш шеңберіне тұру.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

 

 

 

Шеңберге тұрып, бірге қайталау.

Іздену-

ұйымдастырушы

Кәне балалар, көңіл-күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Қазір   сауат ашу сабағы.

–         Жылдың қай мезгілі?

–         Қазір қай ай?

–         Ауа-райы қалай?

Біз сауат ашу сабағынан көптеген әріптермен таныстық. Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

“Әріп тастамақ” ойыны.

(Әр балаға кеспе әріптер үлестіріліп, сол әріпке сөз, сөйлем айтылады.)

Балалар, айналаға қарандаршы, біздің бөлмемізде нелер көп? Нелер бар екен?

Иа, гүлдер көп екен. Гүлдер бізге әлемдік үшін және таза ауа беру үшін қажет.

Балалар,қарандаршы, түнде біздің бөлмемізге тағы бір гүл пайда болыпты. Ол жай гүл емес, сиқырлы екен.

Сабақта жақсы жауап берген балаға сыйлығы бар екен. Түс, жапырағы, күлтесі, сабағы қандай?

Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Олай болса жаңа Г дыбысымен танысымыз.

Гул сөзін текшемен жазу.

Сергіту сәті.

Жас ұланбыз шыныққан,

Жасқанбаймыз суықтан.

Қардан жасап аққала,

Мәз боламыз шаттана.

“Қай дыбыстан басталады?” ойыны

Г дыбысы қай дыбысқа ұқсас? Г-ғ

Г дыбысын ауада жазу.

Дәптермен жұмыс.

Сиқырлы гүлдің күлтелерін ала отырып, сұрақтар беру.

1.    Бүгін қандай әріппен таныстық?

2.    Г дыбысы қандай дыбыс?

3.    Қандай текшемен белгіледік?

4.    Г дыбысынан басталатын сөз айту.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

Қыс

Ақпан

Салқын, аяз

 

 

 

 

 

 

Гүлдер

 

 

 

Балалар гүлдің түсін айтады.

 

Г дыбысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г дыбысын ауада жазып үйреніп, дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Гүл суарып кеше де,

Гүлзар ішін жинадым.

Гүлхадиша шешеме

Гүл шоғын мен сыйладым.

Бәрі бірге қайталайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Қабылдай алады: өткен дыбыстарды меңгеру, дыбыстарды ажырата білу

Түсінеді: Г дыбысын білу, атау. Өз бетімен және ұжымдық саласында жұмыстану.

Қолдана алады: Г әрпіне сөз құрау, Г дыбысы бар сөздер айту, Г әрпін жаза білу.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *