«Отбасы» сюжетті – рөлді ойыны

Екібастұз қаласы

№7 “Ботақан” балабақшасының

тәрбиешісі

Абдиюсупова Бахыт Халыковна

 Мақсаты: Балаларға «Отбасы» түсінік беру олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге, баулуға тәрбиелеу. Ойынды қызықты, ұйымшыл ойнауға үйрету.

 

Керек заттар: Үй жиһаздары, ыдыстар, киім-кешектер.

 

Шаттық шеңбер:

Атамнан басталар, әжемнен қосталар,

Отбасы мыналар, ең жақын адамдар.

Әкем мен анам бар, бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көремін, еркелеймін, еремін.

 

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: – Балалар бүгін аптаның қай күні? Қалай аталады?
Балалар: – Бүгін жұма күні.
Тәрбиеші: – Жұма күні әжелерің мен апаларың үйде ерте тұрып не пісіреді?

Балалар: – шелпек, бауырсақ пісіреді.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар, өте жақсы. Одан кейін отбасымен дастарханға отырып не оқиды? «Құран оқып бата береді!»

Тәрбиеші: – Балалар, қалай ойлайсындар құранды не үшін оқиды?

Балалар: – Бізге денсаулық тілейді. Отбасымыз шайқалмасын деп тілек тілейді.
Тәрбиеші: – Осы күні аталарын мен әкелерін қайда барады?

Балалар: – Мешітке барады.

Тәрбиеші: – Онда не істейді?

Балалар: – Құран оқытады. Ақша (Садақа) тастайды.

Тәрбиеші: – Жұма қандай күн?

Балалар: – Қасиетті күн.
Тәрбиеші: – Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер кім екенін тауып көріңдер.

 

Кітапты көп оқитын, жырларды жақсы білетін,

немересін еркелетіп, жанында әрқашан жүретін (ата)


Біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам кім? (ана)


Өзі салмақты, батыл, отбасын қорғаушы, асыраушы кім? (әке)


Мейірімді жан кім екен ертегі оқып беретін,

еркелетіп қыз – ұлды бетінен шап – шап сүйетін (әже)

 

Тәрбиеші: Міне, балалар біз отбасы мүшелері туралы айттық. Енді біз үлкендерге ұқсап ойын ойнайық. Бәріміз рөлдерді бөлісейік.

 

 

 

Ойын: «Біздің отбасымыз»

Тәрбиеші: – Балалар сендер өз қалауларын бойынша бөлінесіңдер?
Алихан – ата, Амина – әже, Асыл – әке, Айым – ана, Нұрислам, Арна, Нұржан, – балалары, Дінмұхамед – кенже ұлы.
Балалар өздері киініп әркім өз жұмысына кіріседі.

Атасы немересін алдына отырғызып, әңгімелесіп жатыр. Әкесі газет оқып отырғанда ортаншы баласы тақпақ айтып жатты, ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатқанда, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Атасымен немересі әңгімелесіп:
Ата:
– Балам, кел мен саған жеті атаңды айтып берейін. Сен оны жаттап, есіңде сақта!

Немере: – Жарайды.

Ата: – Ата, әке,бала,немере, шөбере, шөпші, немене.Қане қайтала!

Немересі қайталайды.

 

Ұлы: – Әке мен сізге бүгін жаттаған тақпағымды айтып берейін бе?

Әке: – Айта ғой балам.

Ұлы:

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Жасасын туыстық!

Достық пен тыныштық.

 

Әке: – Ой, балам, тақпағын керемет екен!

Әжесі жіп иіріп отырғанда немересі қасына келіп әңгімелеседі:

Немересі: – Әже, не істеп отырсыз?

Әже: – Жіп иіріп отырмын.

Немересі: – Мынау не?

Әже: – Құлынымау, бұл «Жүн» ғой!

Немересі: – Оны қайдан алдыңыз?

Әже: – Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, кептіріп, былай түтеміз деп өзі көрсетеді.
Немересі: – Ал мынау не?

Әже: – Ұршық қой. Осы ұршыққа мен түткен жүнді иіремін.

Немересі: – Оны иіріп болғаннан кейін не істейсіз?

Әже: – Балапанымау, мен сендерге байпақтар мен қолғаптар тоқып беремін.

 

Осы кезде анасы қызын дастархан жаюға көмекке шақырады. Қызы дастархан әзірлейді

 

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

 

Анасы дастарханханға шақырады. Немере қызы әжесін қолынан жетелеп үстел басына отыроғызады. Немере ұлы атасын, әкесі кіші ұлымен келіп бәрі жиналып дастархан басына отырады. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен. Тамақ әзірлеуге Арна қызымыз көмектесіпті. Тамақтанып болған соң «рахмет» айтып, Атасы бата береді.

Соңында Кіші немересі істеген үйін (конструктордан жасаған үлкен үйі) бәріне тамашалатады.

Тәрбиеші:Ал, балалар, көздерімізді жұмып, осындай үлкен үй келешекте болсын деп армандайық.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі ойнайды.

 

Қорытынды:

Ойынның соңында Тәрбиеші қатысушыларға отбасының символы ретінде кішкентай кигіз үй береді.

Тәрбиеші: – Отан отбасынан басталады. Ал біздің үйіміз – кіші отан.

Ойынның соңында кімнің қалай ойнаған жайында қортындылайды.

Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.
Сау болыңдар!

Leave a Reply

Your email address will not be published.